О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 19 «О районном бюджете Мендыкаринского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Меңдіқара ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 116 бабының орындалуына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Меңдіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Меңдіқара ауданының 2008 жылғы арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоксандағы № 19 шешіміне өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 9-15-71 2008 жылғы 14 қаңтар, аудандық "Меңдіқара үні" газетінде 2008 жылғы 18 каңтардағы 4 санында жарияланды); бұдан бұрын " Меңдіқара ауданының 2008 жылғы арналған аудандық бюджеті туралы мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 35 шешіміне өзгерістер (мемлекеттік тіркеу № 9-15-74 2008 жылғы 11 ақпан, аудандық "Меңдіқара үні" газетінде 2008 жылғы 21 ақпандағы № 9 санында жарияланды). Аталмыш шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2008 жылға арналған Меңдіқара аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін: түсімдер - 1073782,0 мың теңге оның ішінде: кірістер - 260721 мың теңге; алынған ресми трансферттер -813061 мың теңге, оның ішінде: ағымды мақсатты трансферттер -39427 мың теңге; дамуға арналған мақсатты трансферттер - -79083 мың теңге; субвенция - 694551 мың теңге; бюджеттің шығыстары - 1090753,4 мың теңге; қаражаттық жыл басындағы бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтарының есебі бойынша пайда болған - 16971,4 мың теңге сомасындағы бюджеттік дефицит.» Аталмыш шешімнің 1, 2, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынаң бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5