О реализации решения Костанайского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 22 «О районном бюджете Костанайского района на 2008 год» государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ» акимата Костанайского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай аудандық мәслихатының «Қостанай ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешімін іске асыруы туралы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қостанай аудандық мәслихатының «Қостанай ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемақы белгіленсін:
Тармақша 1
1) республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген тиісті жылға айлық есептік көрсеткішін он есе ұлғайту мөлшерінде қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуге арналғаң әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген тиісті жылға айлық есептік көрсеткішін он есе ұлғайту мөлшерінде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген тиісті жылға айлық есептік көрсеткішін отыз есе ұлғайту мөлшерінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» Заңының 11 және 14-баптарына сәйкес, Кеңес Одағының Батыры, социалистік Еңбек Ері атағын алған, 1996 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған, қайтыс болған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген тиісті жылға айлық есептік көрсеткішін он есе ұлғайту мөлшерінде Қостанай облысы немесе Казақстан Республикасынаң тысқары жерлерде жалпы орта білім алу үшін арнайы үлгідегі білім ұйымдарында окып жатқан көз ауруы бойынша мүгедектерге жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) есептік құжаттарының негізінде тексеру құнынан жүз пайыз мөлшерінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген тиісті жылға айлық есептік көрсеткішін төрт есе ұлғайту мөлшерінде туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануға жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) оқу жылының кезеңіне, республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген -тиісті жылға екі айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға коммуналдық қызметтерге немесе отын сатып алуға шағындарды өтеу түрінде 36,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (кайтыс болған, із-түзсіз жоғалып кеткен) жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтерге немесе отын сатып алуға шағындарды өтеу түрінде 36,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) республикалық және жергілікті мәртебедегі персоналды зейнеткерлерге және Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қызметкерлеріне 30,0 мың теңге көлемінде жылсайынғы біржолғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай — уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган ретінде анықталсын:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім құжаттарды қабылдаған күннен он күн ішінде уәкілетті органмен қабылданады;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуге ата-анасының біреуіне (асырап алушы, асыраушы) немесе өзге де заңды өкілге әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге тағайындалады, яғни қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса;
Тармақша 4
4) қайтыс болған жұмыссыздарды және қайтыс болған марапатталған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне, қайтыс болған күні онымен бірге тұрғанға немесе жерлеуге атсалысқан тұлғаға тағайындалады және беріледі;
Тармақша 5
5) арнайы үлгідегі білім ұйымдарында оқып жатқан көз ауруы бойынша мүгедектерге жылсайынғы бір реттік әлеуметтік көмек, оқып жатқандарға тағайындалады және беріледі;
Тармақша 6
6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек отбасының табысына байланыссыз мүгедек баланын ата-анасы мен өзге заңды өкілге тағайындалады және төленеді;
Тармақша 7
7) туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаторлық емделу кезеңіне қосымша тамақтануға жылсайынғы бір реттік әлеуметтік көмек тиісті жылға республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 8
8) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілге (асырап алушы, асыраушы, қорғаншы) тағайындалады;
Тармақша 9
9) коммуналдық қызметтерге немесе отын сатып алуға шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және соғыс жылдарында қаза тапкан (қайтыс болған, із-түзсіз жоғалып кеткен) жауынгерлердің жесірлеріне тағайындалады;
Тармақша 10
10) гигиеналық құралдарға мұқтаждағы туралы ұсыныммен оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) бар мүгедектер гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 11
11) республикалық және жергілікті мәртебедегі персоналды зейнеткерлерге және Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қызметкерлеріне жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек олар атақтарын растайтын құжаттарын тапсырған жағдайда тағайындалады;
Тармақша 12
12) әлеуметтік көмекті төлеу әлеуметтік көмекті алушының есеп шотына ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктер немесе уәкілетті орган ұсынған тізімге сәйкес банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімін бекітсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Қостанай ауданы әкімдігінің «Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай аудандық мәслихатының «Қостанай ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 356 шешімін іске асыруы туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 694, «Қостанай ауданы әкімдігінің «Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай аудандық мәслихатының «Қостанай ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 356 шешімін іске асыруы туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 694 қаулысына толықтарулар енгізу туралы» 2007 жылғы 8 ақпандағы № 97, «Қостанай ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 97 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 258, «Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай аудандық мәслихатының «Қостанай ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 356 шешімін іске асыру туралы Қостанай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 694 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 19 маусымдағы № 401 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч.Досжановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.