О реализации решения Карасуского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 22 «О районном бюджете Карасуского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 64-1-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушалары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік корғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-49) сәйкес және «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған кәмілет жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта қаралуымен байланысты есеп айырысу құжаттары негізінде қаралу бағасынан жүз пайыз мөлшерінде шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерде туберкулезбен ауыратын азаматтарды емханалық емделу кезеңінде қосымша тамаққа жыл сайындық бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 5000 теңгеден және соларға теңестірілген адамдарға - 1000 теңгеден жыл сайындық бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждықтарына (моншалар және шаштараздар) 500 теңгеден ай сайындық әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға «Костанайские новости» немесе «Қостанай таңы» газеттеріне жазылуын ресімдеуге, телефонды орнатуға әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагерлерінің Туған күнінің мерейтойына 3000 теңгеден 10000 теңгеге дейін әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне отынды (көмір, отын) сатып алуға және коммуналдық қызметтерді (электрэнергия) төлеуге 30000 теңгеге дейін бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үйде тәрбиелеп және оқып жатқан мүгедек-балаларға айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерде әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) шұғыл әлеуметтік қолдауда мұқтаж еткен (емделу, тұрмыстық мұқтаждықтар, апатты кесапаттар және басқалар) отбасыларға жылына бір реттен көп емес, ерекше жағдайларда емделуге - жылына екі рет 30000 теңгеге дейін бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 12
12) аудандық бюджет қаражаттар есебінен Қарт адамдардың күніне және Мүгедектер күніне 1000 теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 13
13) аудан мұқтаж ететін мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының жоғары және орта-арнайы оқу орындарында оқуын төлеу үшін орта жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне әлеуметтік көмек;
Тармақша 14
14) республикалық және жергілікті маңыздағы дербес зейнеткерлерге және еңбек сіңірген қызметкері атағы бар зейнеткерлерге 30000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 15
15) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, тыл еңбекшілеріне, мүгедектеріне айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерде санаторлық-курорттық емделуге бір жолғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) құжаттар 1-тармағының 5, 6) тармақшаларды қоспағанда әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссиясымен, 1-тармағының 7, 8) тарамақшалар аудандық Ардагерлер кеңесінің колдаухаты бойынша қаралады;
Тармақша 2
2) кәмілет жасқа толмаған балаларды жерлеуге ата-ананың біреуіне немесе өзге де заңды өкілге егер еңбекке қабілеттілігі бар ата-анасы (бала асырап алушы) бала қайтқан күніне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 3
3) өлердің алдында уәкілетті органды жұмыссыз ретінде ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 4
4) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта тексеруімен байланысты шығындарды өтеуге мүгедек-баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табыстарына карамастан әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
Тармақша 5
5) уәкілетті органымен берілген тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операцияларды сәйкестік түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар болған ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушылардың жеке есепшоттарына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен әлеуметтік көмектің төлемдері жүзеге асырылады. Аудан аумағында тұрақты түратың тұлғалар бір жолғы әлеуметтік көмектің алушылары болып табылады.
Тармақ 4
4. Тағайындалған әлеуметтік көмектің төлемі алушының қайтыс болған немесе ауданның шегінен тұрақты тұрғын орынға көшіп кеткен сәттен бастап тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті органымен бекітіледі.
Тармақ 6
6. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік көмектің қаржыландырылуы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізіледі.