О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 22 «О районном бюджете Карасуского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсаңдағы № 22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсаңдағы № 22 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (2007 жылғы 27 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-49, аудандық газеті «Қарасу өңірі» 2008 жылғы 11 қаңтар № 2), бұрын «Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихатының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 32 шешімімен (2008 жылғы 29 қаңтардағы 9-13-53 мемлекеттік тіркеу нөмірі, 2008 жылғы 15 ақпандағы № 7 «Қарасу өңірі» аудандық газеті) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бұрын «Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихатының 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 53 шешімімен (2008 жылғы 29 қаңтардағы 9-13-65 мемлекеттік тіркеу нөмірі, 2008 жылғы 12 мамырдағы № 21 «Қарасу өңірі» аудандық газеті) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Көрсетілген шешімімінің 1-тармағы жана редакцияда жазылсың: 1. 2008 жылға арналған аудандық бюджетi 1-қосымшага сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 1 191 365 мың теңге, оның iшiнде салықтық түсімдер – 345 048 мың теңге; салықтық емес түсiмдер – 687 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 200 мың теңге; алынған трансферттер – 840 430 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциялар – 733 947 мың теңге; 2) шығындар – 1 234 655 мың теңге; 3) операциялық сальдо – 43 290 мың теңге; 4) қаржы активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 1 110 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерді пайдалану – 1 110 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 44 400 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру – 44 400 мың теңге. Көрсетілген шешімге 1 косымша осы шешімінің 1 косымшаға сәйкес жәна редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Қарасу ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің төрағасы ___________ Ғ. Шоқметов «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________И. Горлова «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________Л. Евсюкова
Басқа 3. 2008 жылға аудандық бюджеті
Мәслихатының 2008 жылғы 16 шілдеде № 71 шешіміне қосымша 2008 жылға аудандық бюджеті