О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 22 «О районном бюджете Карасуского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың
2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (2007 жылғы 27 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-49, аудандық газеті «Қарасу өңірі» 2008 жылғы 11 қаңтар № 2), бұрын «Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихатының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 32 шешімімен (2008 жылғы 29 қаңтардағы 9-13-53 мемлекеттік тіркеу нөмірі,
2008 жылғы 15 ақпандағы № 7 «Қарасу өңірі» аудандық газеті) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бұрын «Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихатының 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 53 шешімімен (2008 жылғы 12 мамырдағы 9-13-65 мемлекеттік тіркеу нөмірі, 2008 жылғы 21 мамырдағы № 21 «Қарасу өңірі» аудандық газеті) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бұрын «Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихатының 2008 жылғы 16 шілдеден № 71 шешімімен (2008 жылғы 30 шілдеден № 9-13-69 мемлекеттік тіркеу нөмірі, 2008 жылғы 29 қазанның № 44 «Қарасу өңірі» аудандық газеті) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 1 256 562 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер - 399 498 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 6 237 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 200 мың теңге;
алынған трансферттер - 845 627 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциялар - 733 947 мың теңге;
2) шығындар - 1 299 852 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 43 290 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1110 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерді пайдалану - 1 110 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 44 400 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру - 44 400 мың теңге.
Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімнің 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3