О внесении изменений и дополнений в решение от 21 декабря 2007 года № 24 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-60, «Айна» (арнайы шығарылым) 2008 жылғы 15 қаңтарда № 1):
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемде 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 110146,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 381737,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3296,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 3047,0 мың теңге;
алынған трансферттер - 713381,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенция бойынша - 584633,0 мың теңге;
2) шығындар - 1104004,6 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -2543 мың теңге;
4) бюджеттің тапшылығы (профицит) - -2543,6 мың теңге;
5) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - 2543,6 мың теңге»;
көрсетілген шешім 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5 пункттерімен мынадай мағынада толықтырылсын:
«2-1. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға 7460,0 мың теңге сомасында күнкөріс минимумының мөлшері өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге мақсатты ағымды трансферттердін түсімі, оның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 185,0 мың теңге; аз камтылган отбастарынан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге - 7275,0 мың теңге есепке алынсын.
2-2. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға мақсатты ағымды трансферттердің түсімі 20973,0 мың теңге сомасында, оның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім мемлекеттік мекемесінде лингафондық және мультимедийный кабинеттерін құруға - 5548,0 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім мемлекеттік мекемесінде интерактивтік оқу жүйесін енгізуге - 15425,0 мың теңге есепке алынсын.
2-3. 2008 жылға аудандық бюджетте компьютерлік сауаттылыққа мемлекеттік қызметшілерді оқытуға дамытуға мақсатты трансферттердің түсімі 632,0 мың теңге сомасында есепке алынсын.
2-4. 2008 жылға аудандық бюджетте электрондық үкімет шегінде адамзат капиталын дамытуға мемлекеттік мекемесінде мақсатты - трансферттердің түсімі 3552,0 мың теңге сомасында есепке алынсын.
2-5. 2008 жылға аудандық бюджетте Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инфрақүрылымның инженерлік-коммуникациялық жайластыруын дамытуға мақсатты трансферттердің түсімі 39988,0 мың теңге сомасында есепке алынсын».
Көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 3
Басқа 4