О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 24 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 64-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін: тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек; тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуге әлеуметтік көмек; туберкулезбен ауыратын науқас азаматтарға амбулаториялық емдеу мерзімінде қосымша тамақтандыруға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тиісті жылға арналған біржолғы жылдық әлеуметтік көмек; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне екі мың теңге мөлшерінде және тыл еңбеккерлеріне бір мың теңге мөлшерінде Жеңіс күніне қарсы әлеуметтік көмек; Қарттар күніне қарсы бір мың теңге мөлшерінде бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде біржолғы әлеуметтік көмек; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне үш мың теңге мөлшерінде бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде ай сайынғы әлеуметтік көмек; Республикалық және облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге, Қарабалық ауданының құрметті азаматтарына, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жұмыскерлеріне (салалар бойынша) отыз мың теңге мөлшерінде бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде біржолғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган) анықталсын.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі, тағайындау және төлеу тәртібі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақша қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша іске асырылсын.
Тармақ 6
6. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 52 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін материалдық көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы», 2004 жылғы 25 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 2833, 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешімін жүзеге асыру туралы», 2007 жылғы 8 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-30, аудандық «Айна» газетінде 2007 жылдың 15 ақпанында № 7 жарияланған, 2007 жылғы 18 мамырдағы № 181 «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы», 2007 жылғы 1 маусымдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-51, аудандық «Айна» газетінде 2007 жылдың 11 маусымында № 24 жарияланған, 2007 жылғы 3 қыркүйектегі № 284 «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», 2007 жылғы 8 қазандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-56, аудандық «Айна» газетінде 2007 жылдың 25 қазанын да № 43 жарияланған, 2007 жылғы 28 қазандағы № 357 «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы», 2007 жылғы 21 қарашадағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-58, аудандық «Айна» газетінде 2007 жылдың 21 қарашасында № 46 жарияланған қаулыларының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.