О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 24 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-60, Айна» (арнайы шығарылым) 2008 жылғы 15 қаңтарда № 1), бұрын мәслихаттың 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 40 «Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандык бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-62, «Айна» арнайы шығарылымда 2008 жылғы 31 қаңтарда № 2 санында жарияланды), мәслихаттың 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 64 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандык бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін мемлекеттік тіркеу номірі 9-12-76, «Айна» арнайы шығарылымда 2008 жылғы 15 мамырда № 5 санында жарияланды):
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандык бюджеті мынадай көлемде 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 1162200,0 мың теңге, бойынша оның ішінде:
салықтық түсімдер - 416695,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 4438,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 4123,0 мың теңге;
алынған трансферттер - 736944,0 мың теңге, оның ішінде облыстык бюджеттен алынған субвенция бойынша - 584633,0 мың теңге;
2) шығындар - 1163243,6 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -2543,6 мың теңге;
4) бюджеттің тапшылығы (профицит) - -2543,6 мың теңге;
5) қаржылық активтен операциялар бойынша сальдо - 1500,0 мың
теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - 2543,6 мың теңге»;
осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес, көрсетілген шешімдегі 1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген шешімнің 2-1 пунктіндегі:
"7460,0" саны "14604,0" санымен ауыстырылсын;
"7275,0" саны "14419,0" санымен ауыстырылсын;
корсетілген шешімнің 2-2 пунктіндегі:
"20973,0" саны "19587,0" санымен ауыстырылсын;
"15425,0" саны "14039,0" санымен ауыстырылсын.
көрсетілген шешім 2-7, 2-8 пункттерімен мынадай мағынада толықтырылсын:
«2-7. 2008 жылға аудандық бюджетте ең төменгі жалақы көлемі 7100,0 мың теңге сомаға өсуіне байланысты жергілікті бюджет шығындарының өтеміне ағымды мақсатты трансферттердің түсімі есепке алынсын»;
«2-8. 2008 жылға аудандық бюджетте жоғары оқу орындарында оқыту үшін аз қамтылған жанұялардан мектеп түлектеріне материалдық көмек ретінде 705,0 мың теңге сомадай ағымды мақсатты трансферттердің түсімі есепке алынсын».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.