О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 24 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне
өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-60, «Айна» (арнайы шығарылым) 2008 жылғы 15 қаңтарда № 1), бұрын мәслихаттың 2008 жылғы
22 қаңтардағы № 40 «Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-62, «Айна» арнайы шығарылымда 2008 жылғы 31 қаңтарда № 2 санында жарияланды, мәслихаттың 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 64 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-76, «Айна» арнайы шығарылымда 2008 жылғы 15 мамырда № 5 санында жарияланды, мәслихаттың 2008 жылғы 18 шілдедегі № 90 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-78) «Айна» арнайы шығарылымда 2008 жылғы 31 шілдеде № 6 санында жарияланды):
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарабалык ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1)кірістер - 1162626,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 415021,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 6096,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 4139,0 мың теңге;
алынған трансферттер - 737370,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенңия бойынша - 584633,0 мың теңге;
2) шығындар - 11633 19,6 мың теңге;
3) операциялык сальдо - -2543,6 мың теңге;
4) бюджеттің тапшылыгы (профиңит) - -2543,6 мың теңге;
5) қаржылық активтен операциялар бойынша сальдо - 1850,0 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - -3,6 мың теңге».
Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілген шешімдегі 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген шешімнің 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. 2008 жылға аудандық бюджетте Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға мақсатты ағымды трансферттердің түсімі 19579,0 мың теңге, оның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедийный кабинеттерін құруға 5541,0 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оқу жүйесін енгізуге - 14038,0 мың теңге есепке алынсын»;
көрсетілген шешімнің 2-8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-8. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге, білім алуға (әкімнің гранттары) байланысты, шығындарды бөлек-бөлек толтыру үшін мақсатты ағымды трансферттің түсімі 1229,0 мың теңге сомасында есепке алынсын»;
көрсетілген шешімнің 3-тармағының 1-абзацында:
«10300,0» цифрлары «10210,0» цифрларымен өзгергілсін;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 200,0 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: шұғыл шығындарға - 200,0 мың теңге».
Көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3