О внесении изменений в решение районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 29 «Об утверждении правил оказания жилищного пособия» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12) тармақшасының негізінде және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 29 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 9-15-72 2008 жылғы 14 қаңтар, аудандық "Меңдіқара үні" газетінде 2008 жылғы 31 қаңтардағы 5 санында жарияланды): 2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Меңдіқара ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын отбасылар (азаматтар) және тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеуге шекті мүмкін шығыстар үлесі отбасының (азаматтардың) жиынтық табысынан 15 пайыз асса тұрғын үйдің меншік иелері немесе пайдаланушылары (жалға алушылары) болып табылатын отбасылар (азаматтар) тұрғын үй жәрдемақысын алушылар болып табылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.