О реализации решения Тарановского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 36 «О районном бюджете на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Таран аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 36 «2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, Таран аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 36 «2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (2007 жылғы 27 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-53, «Шамшырақ» 2008 жылғы 4 қаңтардағы № 1) шешіміне сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған балалар мен жұмыссыздарды жерлеу үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек қайтыс болған Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ, «Алтын Қыран», «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» атағына ие болған, Қазақстан Республикасының азаматтарын жерлеу үшін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек марапатталған қайтыс болған тұлғаларды жерлеу үшін) айлық есептік көрсеткіштің отыз есе көлемінде;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу үшін есептік құжаттардың негізінде тексерілудің бағасынан жүз пайыз көлемінде;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек білім беру ұйымдарының түлектеріне, сонымен қатар студенттер құрамындағы жастарға Қазақстан арнайы білім беретің жоғары немесе орта мекемелерінде білім алуға төлеу үшін, оның тұрақты баға мөлшерінде;
Тармақша 5
5) туберкулез ауруларын емдеуге әлеуметтік көмек 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
Тармақша 6
6) аудан әкіміне жазбаша өтінішпен келген зейнеткерлер, мүгедектер және халықтың әлеуметтік жағдайы нашар тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүз есе көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) әлеуметтік көмек мүгедектер күні мен балаларды қорғау күндеріне үйде білім алатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға ай сайын үш айлық есеп көрсеткіші көлемінде, үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінде тұрған мүгедек-балаларға тоқсан сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде;
Тармақша 8
8) тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген (әлеуметтік көмек көрсету түрін еске ала отырып) құжаттарын ресімдеу үшін (жеке куәлік) «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыздар мен кедейлер санынан аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің бір есе көлемінде және қосалқы шаруашылығын дамыту, азық-түліктердің қымбаттауы (жеке куәлігі) құжаттамалар үшін айлық есептік көрсеткіштің жетпіс есеп көлемінде;
Тармақша 9
9) Қарттар күніне, мүгедектер күніне, Чернобыл атом электростанциясындағы аварияларды жою және ұлт өкілдерінің әскерлеріне мемлекеттік мерекелерге және жаппай аудандық мерекелерге әлеуметтік көмек белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының атақты жұмысшылары мен республикалық және жергілікті мән құрамындағы зейнеткерлерге әлеуметтік көмек 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде;
Тармақша 11
11) әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне баня және шаштараз қызметтеріне 500 (бес жүз) теңге көлемінде.
Тармақ 2
2. «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті органы) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешімі уәкілетті органмен құжаттар қабылданған күнінен бастап он күн ішінде қабылданады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін еңбекке жарамды әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады, шешесі жұмыссыз есебінде тіркелмеген факті міндетті түрде талап етілмейді;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздары және марапатталған адамдарды жерлеу үшін, қайтыс болған адаммен қайтқан күніне бірге тұрған отбасы мүшелеріне немесе жерлеуші адамдарға төленеді. Жерлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш, азамат қайтыс болған күнінен бастап алты айдан кем емес болуы қажет;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шағынды өтеу үшін отбасының табысына қарамастан мүгедек - баланың ата-анасына немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады және төленеді;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көп балалы және толық емес, нашар қамтылған отбасыларға, ата-аналарының қамқорлығысыз қалған, балалық кезінен мүгедектер, дарынды балаларға отбасы табысына қарамастан білім беру түлектеріне тағайындалады.
Тармақша 6
6) туберкулез аурумен ауратын тұлғаларға отбасы кірісінен дербес өтініш берушіге, (балалар ауырған жағдайда) ата-анасына немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады және төленеді;
Тармақша 7
7) біржолғы әлеуметтік материалдық көмек аудан әкімі аппаратына барлық санаттағы азаматтарынан түскен өтініштерінде аудан әкімінің қарары бар, есеп карточкасы негізінде отбасының кірісінен дербес төленеді;
Тармақша 8
8) мүгедектер күндері мен балаларды қорғау күндеріне үйлерінде тәрбиеленетін, білім алатын және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде тұрған мүгедек-балаларға тағайындалады және ата-анасына немесе өзге заңды өкіліне отбасының кірісінен дербес төленеді;
Тармақша 9
9) құжаттарын ресімдеу (жеке куәлік), азық-түліктердің қымбаттауы, қосалқы шаруашылығын дамыту үшін уәкілетті органына есепте тұрған жұмыссыздар мен кедейлер санынан аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) өтініш берген тоқсанына дейінгі айына белгіленген кедейшілік деңгейінен кірістері төмен әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
Тармақша 10
10) Қарттар күні мен мүгедектер күндеріне ¥лы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, зейнеткерлерге Чернобыл атом электростанциясындағы аварияларды жою және ұлт өкілдерінің әскерлеріне мемлекеттік мерекелер және жаппай аудандық мерекелеріне әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
Тармақша 11
11) әлеуметтік көмек атақты жұмысшылар мен қызмет құрамы атағы бар зейнеткерлерге көрсетіледі;
Тармақша 12
12) баня және шаштараз қызметтеріне әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына көрсетіледі;
Тармақша 13
13) тағайындау және тағайындаудан бас тарту туралы шешімді жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қабылдайды;
Тармақша 14
14) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органы берген тізімдерге сәйкес тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімдемесін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. 2006 жылдағы 29 желтоқсандағы № 374 «Таран аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 84 «Таран ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» (2007 жылғы 9 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-45, «Шамшырақ» 2007 жылғы 15 ақпандағы № 7) Таран ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.