О внесении изменений и дополнений в решение от 21 декабря 2007 года № 36 «О районном бюджете на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 36 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Таран ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 36 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тізіліміндегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің нөмірі 9-18-53, 2008 жылдың 4 қаңтардағы № 1 «Шамшырақ»), бұдан бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: «2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 36 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылдың 21 қаңтарындағы № 50 шешімімен (мемлекеттік тізіліміндегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің нөмірі 9-18-59, 2008 жылдың 7 ақпандағы № 6 «Шамшырақ»), «2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы». 2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 36 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылдың 15 сәуіріндегі № 64 шешімімен (мемлекеттік тізіліміндегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің нөмірі 9-18-65, 2008 жылдың 8 мамырындағы № 19 «Шамшырақ»), «2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 36 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылдың 16 шілдесіндегі № 99 шешімімен (мемлекеттік тізіміндегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің нөмірі 9-18-71, 2008 жылдың 31 шілдесіндегі № 31 «Шамшырақ»): Көрсетілген шешімнің 1-пункті жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2008 жылғы аудандық бюджет келесі көлемде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) түсімдер - 1388912,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 740669,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 2472,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2530,0 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 643241,0 мың теңге; 2) шығындар - 1386945,8 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 1966,2 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттер - 0; 5) қаржы активтерімен операция бойынша сальдо - 0; 6) бюджет профициті - 1966,2 мың теңге; 7) профициті пайдалану - -1966,2 мың теңге.».
Тармақ 2
2. Берілген шешім қаржы жылына сәйкесті 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Мәслихаттың «2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 21 желтоқсан 2007 жылғы № 36 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 12 қараша 2008 жылғы № 128 шешіміне 1-қосымша 2008 жылға арналған аудандық бюджеті