О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 40 «О городском бюджете города Рудного на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80 және 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, сондай-ақ Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 50 «Қостанай оолысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін, Рудный қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 15 «Рудный қалалық мәслихатының қарауына Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын енгізу туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-96, 2008 жылғы 15 қаңтарда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде 4 нөмірмен жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 6 120 755 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 5 465 482 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 7 100 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 97 650 мың теңге; трансферттер түсімдері - 550 523 мың теңге; 2) шығындар - 6 392 792,9 мың теңге; 3) операциялық сальдо (теріс) - 272 037,9 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 41 680 мың теңге; 6) бюджет тапшылығы (профициті) (теріс) - 313 717,9 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -313 717,9 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі - 131 000 мың теңге, қарыздары өтеу - 0 мың теңге, бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы -182717,9 мың теңге»; көрсетілген шешіммен бекітілген 1, 2 қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4