О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 40 «О городском бюджете города Рудного на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80 және 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, сондай-ақ Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 86 «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін, Рудный қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 583 «Рудный қалалық мәслихатының қарауына Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасын енгізу туралы» қаулысына қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-96, 2008 жылғы 15 қаңтарда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде 4 нөмірмен жарияланған, мәслихаттың 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 54 «Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандығы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-99,2008 жылғы 22 ақпанда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде 21 нөмірмен жарияланған) шешімімен өзгерістер енгізілді) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 6 164 431 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 5 545 482 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 67 650 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 544 199 мың теңге;
2) шығындар - 6 421 358,9 мың теңге;
3) операциялық сальдо (теріс) - 256 927,9 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 56 790 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы (профициті) (теріс) – 313 719, мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 313 717, 9 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі – 131 000 мың теңге, қарыздарды өтеу - 0 мың теңге, бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы – 182 717, 9 мың теңге»;
көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3