О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2007 года № 40 «О городском бюджете города Рудного на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80 және 116-балтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казахстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, сондай-ақ Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі № 107 «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2007 жылғы 12 желтоксандағы № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін, Рудный қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 шілдедегі № 1177 «Рудный қалалық мәслихатының қарауына Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешімнің өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасын енгізу туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласынын 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-96, 2008 жылғы 15 қаңтарда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде 4 нөмірмен жарияланған, мәслихаттың 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 54 «Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандығы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-99, 2008 жылғы 22 ақпанда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде 21 нөмірмен жарияланған) шешімімен, мәслихаттың 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 86 «Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандығы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-108, 2008 жылғы 8 мамырда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде 52 нөмірмен жарияланған) шешімімен өзгерістер енгізілді) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармагы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті қосымшаға сәйкес мына көлемдерді бекітілсін: 1) кірістер - 6 301 787 мың теңге, салықтық түсімдер - 5 545 482 мың теңге; салықтык емес тусімдер – 67 650 мың теңге; негізгі капиталды сатудын түскен түсімдер - 67 650 мың теңге; трансферттер түсімдері - 681 555 мың теңге; 2) шығыңдар - 6 526 964,9 мың теңге; 3) операциялық сальдо (теріс) - 225 177,9 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 88 540 мың теңге; 6) бюджет тапшылығы (профициті) (теріс) - 313 717,9 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 313 717,9 мың тенге, оның ішіңде: қарыздар түсімі - 131000 мың теңге, бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 182 717,9 мың теңге»; 5-тармағының «2008 жылғы арналған Рудный қаласы әкімдігінің резервін бекітілсін» сөздерінен кейін «66 202» саны «41 026» санымен ауыстырылсын; көрсетілген шешіммен бекітілген 1 мен 2 қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын (коса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 шілдедегі № 107 шешіміне 1 қосымша Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті
Басқа 4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, 2008 жылға арналған бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі
Мәслихаттың 2008 жылғы 22 шілдедегі № 107 шешіміне 2 қосымша Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, 2008 жылға арналған бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі