О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Есильского района от 21 декабря 2007 года №396 «Об организации оплачиваемых общественных работ в 2008 году» Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 396 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы
«Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 5 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 396 қаулысына (2008 жылдың 18 қаңтардағы № 13-6-66 мемлекеттік тіркеу Реестрінің аймақтық бөлімінде тіркелген, 2008 жылдың 1 қаңтарындағы № 5 (84) «Есіл таңы» мен № 9 5 (8358) «Ишим» газеттерінде басылымға шықты) келесі толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталмыш қаулының қосымшасындағы 26 тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын «аудан әкімдігі ғимараты ішінде тәртіпті қадағалауға көмек көрсету (гардеробта жұмыс істеу)»;
Жоғарыда аталмыш қаулы №2 қосымшасымен толықтырылсын «Аудан әкімдігінің коммуналдық меншігінде тұратын, қоғамдық жұмыс өткізуге болатын кәсіпорын және мәдени-әлеуметтік маңызы бар объектілер тізімі».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т.Мұқашевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы каулы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден күшіне енеді және бұқаралық ақпараттық құралдарда алғаш рет ресми жарияланған кезден қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға атқарған жұмысына байланысты еңбегіне төлеу туралы.
2008жылғы «16» қыркүйек
№ 225 аудан әкімдігінің қаулысына
№ 1 қосымша
Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға атқарған жұмысына байланысты еңбегіне төлеу туралы.
Жұмыс түрлерінің атауы
Мамандық
Дәреже
Тариф. коэфф.
26. Аудан әкімі аппаратының ғимараты ішінде тәртіпті қадағалауға көмек көрсету (гардеробта жұмыс істеу)
Техникалық орындаушы
G-14
1,43
Басқа 5. Қоғамдық жұмыстар өткізуге болатын, Есіл ауданы бойынша аудан әкімдігінің коммуналдық меншігінде тұратын, кәсіпорын және мәдени-әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізімі
2008жылғы «16» қыркүйек
№ 225 аудан әкімдігінің қаулысына
№ 2 қосымша
Қоғамдық жұмыстар өткізуге болатын, Есіл ауданы бойынша аудан әкімдігінің коммуналдық меншігінде тұратын, кәсіпорын және мәдени-әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізімі
Тармақ 1
1. Селолық округ әкімдері аппараттарының ғимараттары.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекемелер.
Тармақ 3
3. «Қамқор» МКК
Тармақ 4
4. Ауруханалар.
Тармақ 5
5. Отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар.
Тармақ 6
6. Фельдшерлік-акушерлік пунктер.
Тармақ 7
7. Емханалар.
Тармақ 8
8. Мектептер.
Тармақ 9
9. Клубтар.
Тармақ 10
10. Мәдениет ұйлері.
Тармақ 11
11. Кітапханалар.
Тармақ 12
12. Балабақшалар.
Тармақ 13
13. Стадиондар.
Тармақ 14
14. Тарихи-сәулет ескерткіштері.
Тармақ 15
15. Локалдық су өткізгіш желілері.
Егер жұмыс кәсіпорын жұмысшыларының функционалдық міндеттеріне кірмесе және ол үшін штаттық кестеде бірліктер қаралмаса.