О внесении изменения и дополнений в постановление акимата от 21 января 2008 года № 15 «О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 24 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 15 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыруларды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 64-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31 бабы 1 тармағының 1), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, Қарабалық аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 шілдедегі № 90 «Қарабалық аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық аудаңының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы», 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 64 «Қарабалық аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандагы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» шешімдеріне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардагы № 15 «Қарабалық аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған; аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына, 2008 жылғы 12 ақпандағы № 3 "Айна" аудандық газетінде жарияланған 2008 жылғы 5 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-63, келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың бесінші абзацта "тыл еңбеккерлеріне" сөздері "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне жеңілдік пен кепілдік бойынша теңестірілген тұлғаларға" сөздерімен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Азықты корзинаның мөлшері өсуіне байланысты табысы аз азаматтарға, мемлекеттік атаулы әлеуметік көмегін алушыларына тоқсанына 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1752 теңге) әлеуметтік көмегінің қосымша түрі;
18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу жөніндегі есеп айырысу құжаттарының (шот) негізінде тексеру құнының 100 пайыз мөлшерінде әлеуметтік көмек;
мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға және 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерге бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде бір мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Жітіқара оңалту орталығында сауықтырудан өткен мүгедектерге бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде екі мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне туған күн мерейтойларына (80, 85, 90, 95 жас) бес мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмектің қосымша түрі;
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында медициналық мамандары бойынша оқуға байланысты шығынды өтеуге білім беру жөніндегі орталық атқарушы органмен жыл сайын белгіленетін кешенді тестілеуде ең төменгі баллдар санынан аз емес балл жинаған, мемлекеттік білім грантын алалмаған жалпы орта және арнайы орта білім ұйымдарының түлектеріне Қарабалық ауданы әкімінің жанындағы жастар істері бойынша кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында медициналық мамандары бойынша оқитын студенттерге білімдік қызмет көрсету келісім шарттарының негізінде әлеуметтік көмек;
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандары бойынша оқуға байланысты шығынды өтеуге білім беру жөніндегі орталық атқарушы органмен жыл сайын белгіленетін кешенді тестілеуде ең төменгі баллдар санынан аз емес балл жинаған, мемлекеттік білім грантын алалмаған жалпы орта және арнайы орта білім ұйымдарының түлектеріне Қарабалық ауданы әкімінің жанындағы жастар істері бойынша кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында педагогигалық мамандары бойынша оқитын студенттерге оқуға байланысты шығынды өтеуге білімдік қызмет көрсету келісім шарттарының негізінде әлеуметтік көмек».
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 127 «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 15 «Қарабалық аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін ісқе асыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы», 2008 жылғы 19 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-78, 2008 жылғы 22 мамырдағы № 21 «Айна» аудандық газетінде жарияланған қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.