О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 21 февраля 2008 года № а-2/54 "Об установлении водоохранных зон полос озер Катарколь, Щучье, Малое Чебачье, Большое Чебачье, Боровое, Жукей, реки Нура и режима их хозяйственного использования" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына (нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3241 болып тіркелген, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылғы 4 наурызда, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылғы 4 наурызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің суды қорғайтын аймақтары мен суды қорғайтын белдеулерінде шаруашылыққа пайдалану тәртібінде аталған қаулының 2-қосымшасына сәйкес: 3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.