О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 21 февраля 2008 года № А-2/54 "Об установлении водоохранных зон и полос озер Катарколь, Щучье, Малое Чебачье, Большое Чебачье, Боровое, Жукей, реки Нура и режима их хозяйственного использования" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3241 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа Ажары» газеттерінде 2008 жылғы 4 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: 2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: «2. Қатаркөл, Шучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзені су қорғау аймақтарының және су қорғау белдеулерінің шаруашылыққа пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің нормаларына сәйкес белгіленсін.»; 2-қосымша алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев