О внесении изменения в постановление от 21 января 2008 года № 72 «О корректировке цен на 2008 год, предоставляемых органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Қолданыста
Басқа 0
«18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдарымен берілген 2008 жылға арналған бағаларды түзету туралы» 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 72 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 2-тармағы 31-бабына және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, балаларға жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Қағидасының 30-тармағына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жекеқосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдарымен берілген 2008 жылға арналған бағаларды түзету туралы» 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 72 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-90, 2008 жылғы 22 ақпандағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) әкімдік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармағындағы «30 %» саны «80 %» санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға үміткер өтініш берушілердің жеке қосалқы шаруашылық табысын есептеу кезінде осы қаулыны басшылықка алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім орынбасары Қ.Р. Тұмановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді.