О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 "О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников" Қолданыста
Басқа 0
"Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 487-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген, бұйрығына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтардағы «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің № 6-7 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Торғай, Ырғыз өзендері бассейні
2012 жылғы 18 сәуірдегі № 21
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының МӨЛШЕРІ
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні
№ р/с
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлерi
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
86,5
2.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 тек.м
248,0
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 тек.м
69,5
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 тек.м
67,2
5.
Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар
теңге/тонна
175,5
6.
Су энергетика
теңге/1000 кВт.сағ
-
7.
Су көлігі
теңге/1000 тек.м
8,3
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні
№ р/с
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлерi
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 тек.м
74,0
2.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 тек.м
209,3
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 тек.м
58,0
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 тек.м
58,0
5.
Су көздерiнен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар
теңге/тонна
150,0
6.
Су энергетика
теңге/1000 кВт.сағ
-
7.
Су көлігі
теңге/1000 тек.м
-
Ескертпе: Төлемақы мөлшерлерi сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.