О внесении изменения в решение Актюбинского областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 235 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников» Қолданыста
Басқа 0
«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5 тармағына, «Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36974 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Облыстық мәслихаттың
2026 жылғы 31 наурыздағы № 316
шешіміне қосымша
Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235
шешіміне қосымша
Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метр
418,31
2.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 текше метр
1 197,59
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 текше метр
337,35
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 текше метр
337,35
5.
Су энергетика
теңге/1000 киловатт сағатына
-
6.
Су көлігі
теңге/1000
тонна километр
40,48
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні
7.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метр
834,90
8.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 текше метр
2 386,36
9.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 текше метр
657,4
10.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 текше метр
657,4
11.
Су энергетика
теңге/1000 киловатт сағатына
-
12.
Су көлігі
теңге/1000
тонна километр
-