О внесении изменения в решение областного маслихата от 21 декабря 2009 года № 236 «О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 630-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 17560 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.