О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 21 ноября 2011 года № 246 «Об установлении водоохранных зон и полос, режима их хозяйственного использования в пределах административных границ Алматинской области на реках Большая Алматинка, Тургень, Чилик, Аксай, Ащибулак, Шарын, Текес, Курты, Аксу, Баскан, Усек, Тентек, Чиже, Сарканд, Лепсы, Хоргос, Борохудзир, Биен, Кызылагаш, Акешки, Чинжалы, Муканчи, Узынкаргалы, Копа, Жирен-Айгыр, Чемолган, Биже, Каркара, Ассы, Жаманты, Ка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы «Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген, Шелек, Ақсай, Ащыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ақсу, Басқан, Үсек, Тентек, Шіже, Сарқан, Лепсі, Қорғас, Борохудзир, Бүиен, Қызылағаш, Ақешкі, Шынжалы, Мақаншы, Ұзынқарғалы, Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Біже, Қарқара, Ассы, Жаманты, Қастек, Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ, өзендерінің, Сасықкөл, Жалаңашкөл көлдерінің және Күрті, Бартоғай су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» № 246 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы «Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген, Шелек, Ақсай, Ащыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ақсу, Басқан, Үсек, Тентек, Шіже, Сарқан, Лепсі, Қорғас, Борохудзир, Бүиен, Қызылағаш, Ақешкі, Шынжалы, Мақаншы, Ұзынқарғалы, Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Біже, Қарқара, Ассы, Жаманты, Қастек, Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ, өзендерінің, Сасықкөл, Жалаңашкөл көлдерінің және Күрті, Бартоғай су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» № 246 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2083 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген, Шелек, Ақсай, Ащыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ұзынқарғалы, Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Қарқара, Ассы, Қастек, Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ, өзендерінің және Күрті, Бартоғай су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»; преамбула мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85-баптарына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»: 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: 1. Бекітілген жобалау құжаттамаларының негізінде, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін: 1) Үлкен Алматы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 2) Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 3) Шелек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 4) Ақсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 5) Ашыбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 6) Шарын өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 7) Текес өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 8) Күрті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 9) Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 10) Қопа өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 11) Жирен-Айғыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 12) Шамалған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 13) Қарқара өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 14) Ассы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 15) Қастек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 16) Тарғап өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 17) Көкөзек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 18) кадастрлық нөмірі 03-046-043-1696 жер учаскесінің шекаралары шегінде Көкөзек өзенінің (оң жақ жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасын түзету бойынша жұмыс жобасы; 19) Белбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 20) Күрті су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы; 21) Бартоғай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы. 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» департаментімен (келісім бойынша) бірлесіп, бекітілген жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізсін»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін»; аталған қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «____» ________ № ______ қаулысына 1-қосымша Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «21» қарашадағы № 246 қаулысына 1-қосымша № п/п Су объ­ек­ті­ле­рі Су қор­ғау ай­мақ­та­ры­ның ені, метр Су қор­ғау бел­де­уле­рі­нің ені, метр 1 2 3 4 1 Үлкен Алматы өзені 300-1000 35-100 2 Түрген өзені 550-1700 55-100 3 Шелек өзені 500-1000 35-100 4 Ақсай өзені 500-1000 35-100 5 Ашыбұлақ өзені 500-550 60-100 6 Шарын өзені 500-1000 35-100 7 Текес өзені 500-1000 35-100 8 Күрті өзені 500-1700 35-200 9 Ұзынқарғалы өзені 500-1000 35-100 10 Қопа өзені 500-800 35-100 11 Жирен-Айғыр өзені 500-900 35-100 12 Шамалған өзені 500-1000 35-100 13 Қарқара өзені 500-1000 35-100 14 Ассы өзені 500-1000 35-100 15 Қастек өзені 500-900 35-100 16 Тарғап өзені 500-850 35-100 17 Көкөзек өзені 500-600 35-100 18 Көкөзек өзені жер учаскесінің шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі 03-046-043-1969) 500 35 19 Белбұлақ өзені 500-700 35-100 20 Күрті су қоймасы 1000 100 21 Бартоғай су қоймасы 500 35-100
Басқа 5
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «____» ________ № ______ қаулысына 2-қосымша Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «21» қарашадағы № 246 қаулысына 2-қосымша Алматы облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі 1. Жерүсті су объектілерінде: 1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге; 2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға; 3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға; 4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға; 5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге; 6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге; 7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады. 2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар: 1) мыналарды: су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын; көпірлерді, көпір құрылысжайларын; айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін; балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды; ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды; су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану; 2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру; 3. Су қорғау аймақтары шегінде: 1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге; 2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға; 3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі; 4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға; 5) зираттарды орналастыруға; 6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға; 7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.