О внесении изменения в постановление акимата Алматинской области от 21 ноября 2011 года № 246 «Об установлении водоохранных зон и полос, режима их хозяйственного использования в пределах административных границ Алматинской области на реках Большая Алматинка, Тургень, Чилик, Аксай, Ащибулак, Шарын, Текес, Курты, Узынкаргалы, Копа, Жирен-Айгыр, Чемолган, Каркара, Ассы, Кастек, Таргап, Кукузек, Бельбулак, на Куртинском, Бартогайском водохранилищах» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы «Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген, Шелек, Ақсай, Ащыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ұзынқарғалы, Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Қарқара, Ассы, Қастек, Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ өзендерінің, және Күрті, Бартоғай су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы «Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген, Шелек, Ақсай, Ащыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ұзынқарғалы, Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Қарқара, Ассы, Қастек, Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ өзендерінің және Күрті, Бартоғай су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» № 246 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2083 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы 18-жол мынадай редакцияда жазылсын: 18 Көкөзек өзені жер учаскесінің шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі 03-046-043-1696) 500 35
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.