О внесении изменений в решение маслихата от 21 декабря 2011 года № 506 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2012 год" Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 "Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-164 тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтарда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдіқара ауданының ауыл
шаруашылығы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________ А. Ковальчук
"Меңдіқара ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________ Г. Айсенова