О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 21 августа 2012 года № 369 «Об утверждении Правил подготовки ежегодного Национального доклада по науке» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына толықтыру енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 952-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларында: 3-тармақта: мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық баяндаманы мақұлдауының қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды іске асырудың толықтығын талдау, отандық ғылымды дамытудың түйінді бағыттары бойынша прогресті бағалау, форсайттық зерттеулердің нәтижелері (3 жылда 1 рет мерзімділікпен);».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.