О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 февраля 2012 года № 57 «Об утверждении Правил конкурсного замещения руководителей государственных учреждений среднего образования» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 619 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 12 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, қосымша, арнайы, мамандандырылған білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшысының бос лауазымына конкурстық тағайындау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық орналастыру кандидаттың кәсіби және жеке мінездемелерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына тағайындау конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) бос лауазымы бар білім беру мекемесі ведомствосы және қарамағында болып табылатын білім беруді басқару органы жүргізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық орналастыру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық орналастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Объективтілік пен айқындылықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық кандидаттарға тең мүмкіндік беру мақсатында Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының жанынан конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Тармақ 5
5. Комиссия құрамының мүшелері жалпы саны тақ санды құрайтын кемінде бес адамнан тұрады, құрамы білім беруді басқару органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 6
6. Комиссия құрамына білім беруді басқару органдарының, әдістемелік құрылымдардың, ата-аналар қоғамының, білім мәселесі бойынша қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізіледі. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары және хатшы Комиссия мүшелерінен сайланады.
Тармақ 7
7. Комиссияның әр отырысы отырысқа қатысқан төраға, комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысы оның жалпы құрамынан кемінде 2/3 мүшелері қатысса, отырыс өткізілді, ал оның шешімі заңды деп есептелінеді.
Тармақ 9
9. Комиссия конкурс өткізу мерзімін, орнын және тәртібін айқындайды, конкурстық орналастыру туралы хабарландыру мәтінін жазады, бұқаралық ақпарат құралдарында, білім беруді басқару органының ресми сайтында хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Хабарландыру мәтіні мына ақпараттан тұруы тиіс:
Тармақша 1
1) Конкурс жариялаған орган атауы;
Тармақша 2
2) Конкурс жарияланған лауазымның атауы;
Тармақша 3
3) орналасқан орны, оның қызметін қысқаша сипаттай отырып, білім беру мекемесінің толық атауы;
Тармақша 4
4) лауазымға кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
Тармақша 5
5) орта білім беру мекемесі басшысының лауазымдық міндеттері:
Тармақша 6
6) лауазымдық жалақы мөлшері;
Тармақша 7
7) Конкурс өткізу орны және күні;
Тармақша 8
8) Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны;
Тармақша 9
9) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
Тармақша 10
10) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық адрестер.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:
Тармақша 1
1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;
Тармақша 2
2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
Тармақша 3
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);
Тармақша 4
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
Тармақ 12
12. Білім беруді басқару органы хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
Тармақша 2
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
Тармақша 6
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
Тармақша 7
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
Тармақша 8
8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
Тармақша 9
9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;
Тармақша 10
10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Тармақ 13
13. Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Тармақ 14
14. Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
Тармақша 2
2) мектептің Қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;
Тармақша 3
3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;
Тармақша 4
4) білім беруді басқару органының Конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Тармақ 15
15. Конкурстың бірінші кезеңінде білім беруді басқару органы Комиссиясы үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес құжаттар біліктілігін бағалауды жүргізеді.
Тармақ 16
16. Конкурстың екінші кезеңінде конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау қорытындысы бойынша білім беруді басқару органының Комиссиясы екі жұмыс күні ішінде Қамқоршылық кеңеске бос лауазымға орналасуға кандидаттардың тізімін жолдайды.
Тармақ 17
17. Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды Қамқоршылық кеңес отырысының өткізілу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.
Тармақ 18
18. Қамқоршылық кеңес кандидатты хабардар еткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға кандидаттың қатысуымен отырыс өткізеді.
Тармақ 19
19. Қамқоршылық кеңестің отырысына кандидат Мектепті дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.
Тармақ 20
20. Қамқоршылық кеңес отырыс қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына кандидатура бойынша хаттамалық шешім шығарады. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы білім беруді басқару органына отырыс өткен күннен кейін келесі күні ұсынылады.
Тармақ 21
21. Егер Қамқоршылық кеңеске орта білім беру ұйымы басшысының лауазымына кандидаттар анықталмаған болса, онда білім беруді басқару органы конкурсты өтпеді деп таниды және конкурсты қайта өткізу туралы шешім шығарады.
Тармақ 22
22. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды айқындаған жағдайда білім беру мекемесі ведомствосы және қарамағында болып табылатын білім беруді басқару органының Комиссиясы облыстың білім басқармасына келісуге жолдайды. Мамандандырылған мектептердің бос лауазымына үміткер кандидаттар үшін қосымша «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, «Білім инновация» лицейлері басшысының бос лауазымына үміткер кандидаттар үшін «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен келісу талап етіледі.
Тармақ 23
23. Үшінші кезеңде кандидаттардың кәсіби құзыреттілігін бағалау үшін комиссия құрылады. Оның құрамын білім басқармасы бұйрықпен бекітіледі.
Тармақ 24
24. Комиссия құрамына білім беруді басқару органдарының, әдістемелік құрылымдардың, ата-аналар қоғамының, білім мәселесі бойынша қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Комиссия өкілеттілігі осы Қағиданың 8, 9-тармақтарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 25
25. Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, сондай-ақ педагогика, психология негіздері бойынша тестілеуден және әңгімелесу өтеді. Тестілеуден өту кезінде кандидатқа жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған 90 сұрақ ұсынылады. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей 50%-ды құрайды.
Тармақ 26
26. Шекті деңгейді жинамаған кандидаттар Комиссияның шешімі бойынша облыстық білім беруді басқару органы жанындағы комиссия отырысына әңгімелесуге жіберілмейді.
Тармақ 27
27. Әрбір кандидатқа осы қағидаға 1-қосымшаға сәйкес бағалау парағы толтырылады және осы қағидаға 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен әңгімелесу үшін тақырыптық бағыт беріледі.
Тармақ 28
28. Төртінші кезеңде әңгімелесу өткізу үшін осы Қағиданың 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес комиссия құрылады.
Тармақ 29
29. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын, бала және жасөспірімдер жасының психологиясын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясын, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ үміткердің педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау, болжанатын лауазым перспективасын айқындау мақсатында білім беру мекемесі ведомствосы және қарамағында болып табылатын білім беруді басқару органының Комиссиясы әңгімелесу өткізеді. Комиссия әңгімелесу өткізу тәртібін өзі айқындайды.
Тармақ 30
30. Конкурстың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін Комиссия үш жұмыс күні ішінде бір үміткерді айқындайды және оның кандидатурасын лауазымға бекіту үшін конкурс жариялаған білім беруді басқару органының білім басқармасының бастығына ұсынады. Комиссия шешімі ашық, басым дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады. Ұсыныс қорытынды дауыс беру хаттамасымен қоса берілуі тиіс.
Тармақ 31
31. Конкурстан өтпеген кандидаттарды білім беруді басқару органы үш жұмыс күні ішінде Конкурс қорытындысы туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 32
32. Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.
Тармақ 33
33. Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының басшысы үш жұмыс күні ішінде оң нәтиже алған конкурс қатысушысымен төрт жыл мерзімді ұзарту құқығы бар шартты жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 34
34. Конкурстан өтпеген кандидаттардың құжаттары Конкурсты өткізген білім беруді басқару органының архивіне беріледі және бес жыл бойы сақталады.
Тармақ 35
35. Екінші, үшінші, төртінші кезеңдер аудио және бейне жазбамен қамтамасыз етіледі.
Басқа 1
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларына 1-қосымша № Өлшемшарттар Балл саны (1-ден 10-ға дейін) 1 Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша теориялық білім деңгейі 2 Білім берудегі менеджменттің негізгі қағидаттарын білу 3 Кандидаттың жеке кәсіби қасиеттері 4 Қазіргі білім беру міндеттерін іске асыру жөніндегі идеялардың бірегейлігі мен негізділігі 5 Білім беру ұйымдарын табысты дамыту бойынша практикалық көзқарас 6 Жағдаяттық міндеттерді мобильді, икемді шеше білу 7 Белсенді, жағымды педагогикалық ортаны құра білу 8 Білім беру ұйымдарын басқаруда шығармашылық әлеуетті пайдалану 9 Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті Қорытынды: Ескерту: Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымына кандидаттың өлшемшарттар 10 балдық шәкіл бойынша бағаланады: 1-3 – жеткіліксіз деңгей; 4-7 – жеткілікті деңгей; 7-10 – өте жақсы деңгей.
Басқа 2. Әңгімелесу үшін тақырыптық бағыттар
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларына 2-қосымша Әңгімелесу үшін тақырыптық бағыттар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары.
Тармақ 2
2. Білім беру менеджментінің заманауи әдістері.
Тармақ 3
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары.
Тармақ 4
4. Мектепті басқарудағы инновациялар.
Тармақ 5
5. Табысты мектеп, табысты директор, табысты оқушы, табысты мұғалім өлшемшарттары.
Тармақ 6
6. Қазақстан біліміндегі халықаралық зерттеулердің рөлі.
Тармақ 7
7. Білім беру ұйымдарындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жүйесі.
Тармақ 8
8. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу ерекшелігі.
Тармақ 9
9. Үш тілді білім беруге көшу мәселелері.
Тармақ 10
10. Қамқоршылық кеңеспен әкімшіліктің өзара іс-қимыл жасау жүйесі.