О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 февраля 2012 года № 57 «Об утверждении Правил конкурсного замещения руководителей государственных организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования и конкурсного назначения на должность руководителей государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы дошкольного, среднего образования и образовательные программы дополнительного образования» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және
мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7495 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына және 44-бабының 3-тармағының үшінші абзацына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары бекітілсін»;
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 21 мамыры № 213
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 21 ақпандағы №57
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына және 44-бабы 3-тармағының үшінші абзацына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының (бұдан әрі - Мемлекеттік білім беру ұйымдары) басшысы лауазымына конкурстық тағайындау тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының орнына орналасуға конкурсты және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының басшысын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындауға конкурсты бос лауазымы бар білім беру ұйымы ведомствосы мен қарамағында орналасқан білім беруді басқару органы жүргізеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының орнына орналасуға арналған конкурсты және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының басшысын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына біліктілік талаптарына сай келетін кәсіптік және жеке сипаттамалары бар басшыны іріктеу үшін жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қорытындылары бойынша бес жыл мерзімге тағайындалады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының және Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына орналасуға үміткерлер құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және тиісінше Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне береді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар конкурс жариялаған білім беруді басқару органына құжаттарды тапсырады.
Тармақ 7
7. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың, қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартына сәйкес көрсетеді.
«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес өтініш пен құжаттар топтамасын ұсынады.
Тармақ 8
8. «Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартына сәйкес көрсетеді.
«Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағына сәйкес өтініш пен құжаттар топтамасын ұсынады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру тәртібі
Тармақ 9
9. Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру (бұдан әрі- Конкурстық орналастыру) бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
Тармақша 3
3) конкурсқа орналастыру қатысушылардың біліктілігін бағалау;
Тармақша 4
4) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);
Тармақша 5
5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу;
Тармақша 6
6) кандидаттарды облыстың білім беруді басқару органдарымен келісу (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда);
Тармақша 7
7) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Тармақ 10
10. «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ Президенттік кадрлар резервіне енгізілген тұлғалар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған тізімге енгізілген шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлықты растайтын құжаты, сондай-ақ осы Қағидалардың 38-тармағының 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттары болған жағдайда конкурстың төртінші, бесінші және алтыншы кезеңдерінен өтуден босатылады және жетінші кезеңге жіберіледі.
Тармақ 11
11. Білім беруді басқару органы конкурстың өту мерзімін, орнын және тәртібін анықтайды, конкурстық орналастыру туралы хабарландыру мәтінін жасайды, хабарландырудың бұқаралық ақпарат құралдарында немесе білім беруді басқару органының ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Хабарландыру мәтіні мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс жариялаған білім беруді басқару органының атауы;
Тармақша 2
2) конкурс жарияланатын лауазымның атауы;
Тармақша 3
3) орналасқан жерін, оның қызметінің қысқаша сипаттамасын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;
Тармақша 4
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
Тармақша 5
5) мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері;
Тармақша 6
6) лауазымдық жалақының мөлшері;
Тармақша 7
7) конкурстың өткізілетін күні мен орны;
Тармақша 8
8) конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі мен орны;
Тармақша 9
9) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
Тармақша 10
10) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары.
Тармақ 13
13. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Тармақ 14
14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыруға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік қызметтерді алуға құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап береді.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініш қабылданған күні ұсынылады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру күні көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. Қалыптасқан өтініштерді (болған жағдайда құжаттар топтамасымен) Мемлекеттік корпорация облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жолдайды.
Тармақ 18
18. Өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуынан бір күн бұрын ұсынады.
Тармақ 20
20. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағына сәйкес хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыруға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік қызметтерді алуға құжаттарды қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап береді.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініш қабылданған күні ұсынылады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру күні көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Қабылданған өтініштерді (болған жағдайда құжаттар топтамасымен) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жібереді.
Тармақ 28
28. Өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуынан бір күн бұрын ұсынады.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 31
31. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Тармақ 34
34. Білім беруді басқару органы хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына орналастыру үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
Тармақша 3
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
Тармақша 6
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
Тармақша 7
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
Тармақша 8
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 9
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
Тармақша 11
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
Тармақша 12
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
Тармақша 13
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
Тармақша 14
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Тармақ 35
35. 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Тармақ 36
36. Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 37
37. Бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдаудың алдын алу мақсатында білім беруді басқару органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жібереді.
Тармақ 38
38. Конкурс жариялаған білім беруді басқару органы бос лауазымға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық комиссия құрады.
Тармақ 39
39. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары бойынша біліктілігін бағалау үш жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Конкурстық комиссияны осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен білім беруді басқару органының басшысы құрады.
Тармақ 41
41. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болып табылады және осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген, конкурстық комиссияның құрамын бекіткен тұлғаның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 42
42. Конкурстық комиссия төрағаны қосқанда кемінде жеті адамнан тұрады. Бұл ретте комиссия құрамына облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, әдістемелік құрылымдардың, қамқоршылық кеңестердің, ата-аналар қоғамының өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері, бір тәуелсіз сарапшы кіреді.
Тармақ 43
43. Сарапшылар ретінде мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын адамдар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, мәслихаттардың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Тармақ 44
44. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 45
45. Конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 46
46. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.
Тармақ 47
47. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту уәкілетті тұлғаның шешімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 48
48. Комиссияның әрбір отырысы төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 49
49. Комиссияның отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса өтті, ал оның шешімі заңды болып есептеледі.
Тармақ 50
50. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 51
51. Конкурстық комиссияның қызметі аудио- немесе бейнежазбамен сүйемелденеді. Аудиобейнежазбалар архивте бір жыл бойы сақталады.
Тармақ 52
52. Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау қорытындысы бойынша білім беруді басқару органының комиссиясы кандидаттарды тестілеуден өтуге жібереді.
Тармақ 53
53. Тестілеуді ұйым (бұдан әрі – тестілеуді өткізетін ұйым) облыстың жергілікті атқарушы органының жасасқан шарттарының негізінде білім беруді басқару органының жауапты тұлғаларының және өзге де тартылған тұлғалардың қатысуынсыз өткізеді.
Тармақ 54
54. Білім беруді басқару органының жауапты тұлғаларының, сондай-ақ тестілеуді өткізу процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғалардың кандидаттарды тестілеу рәсіміне араласуына жол берілмейді.
Тармақ 55
55. Тестілеуді өткізу кезінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері арасынан тәуелсіз бақылаушы тартылады.
Тармақ 56
56. Тестілеу электрондық форматта және кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 57
57. Тестілеуден конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар, сондай-ақ конкурс жарияланғанына қарамастан (бұдан әрі – конкурстан тыс) өтеді.
Тармақ 58
58. Кандидаттар тестілеуден өту үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өткізетін ұйымға өтініш береді.
Тармақ 59
59. Тестілеуден өтуге өтініш берген кезде кандидаттар тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын таңдайды және тестілеу өткізетін ұйым дайындайтын тестілеу өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 60
60. Тестілеу өткізетін ұйым осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге қатысатын адамдардың тізімін қалыптастырады.
Тармақ 61
61. Ашықтық пен құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында тестілеу өткізілетін орын бейне-аудио жазба камераларымен жабдықталады.
Тармақ 62
62. Кандидат тестілеуді өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.
Тармақ 63
63. Тестілеу басталғанға дейін жауапты тұлға кандидаттарға тестілеу кезінде кандидаттардың жүріс-тұрыс ережесін түсіндіреді.
Тармақ 64
64. Тестілеуді өткізу кезінде кандидатқа аудиториядан жауапты тұлғаның еріп жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, орнын ауыстыруға, аудиторияға шпаргалкаларды, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 65
65. Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден өтеді.
Тармақ 66
66. Тестілеуден өту кезінде кандидат 120 сұраққа жауап беруі қажет:
нормативтік құқықтық актілер бойынша – 100 сұрақ;
педагогика және психология негіздері бойынша – 20 сұрақ.
Тармақ 67
67. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әр бағыт бойынша 50%-ды құрайды.
Тармақ 68
68. Тестілеуге берілген уақыт аяқталғанда бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.
Тармақ 69
69. Дұрыс жауаптар коды қалыптастырылады.
Тармақ 70
70. Тестілеу аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз етуде кандидатқа осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу нәтижесі – тестілеуден өткені туралы анықтама беріледі.
Тармақ 71
71. Тестілеуден өткені туралы анықтама тестілеу тапсырған күннен бастап бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады және комиссия конкурс қатысушыларының біліктілігін бағалау кезеңінде ескереді.
Тармақ 72
72. Шекті деңгейді ала алмаған кандидаттар комиссияның шешімімен конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
Тармақ 73
73. Шекті деңгейді ала алмаған білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттар, тестілеу тапсырған күннен бастап бір ай өткеннен кейін қайта тестілеуден өтеді.
Тармақ 74
74. Тестілеу қорытындылары бойынша білім беруді басқару органы екі жұмыс күні ішінде қамқоршылық кеңеске бос лауазымға орналасуға кандидаттардың тізімін жолдайды.
Тармақ 75
75. Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды қамқоршылық кеңес отырысының өткізілу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.
Тармақ 76
76. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды хабардар еткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға кандидаттардың қатысуымен отырыс өткізеді. Қамқоршылық кеңесінің (оның барлық отырыстарының) отырыстары аудио бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио бейне жазба білім беру ұйымында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
Тармақ 77
77. Қамқоршылық кеңестің отырысында кандидаттар Мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.
Тармақ 78
78. Отырыс қорытындысы бойынша қамқоршылық кеңес әрбір кандидатура бойынша хаттамалық шешім шығарады және білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына екі кандидаттан артық емес кандидатқа келісім береді.
Тармақ 79
79. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы отырыс өткізілгеннен кейін келесі күні білім беруді басқару органына ұсынылады.
Тармақ 80
80. Егер қамқоршылық кеңес әрбір кандидатура бойынша хаттамалық шешім шығарған және кандидаттар келісілмеген жағдайда, білім беруді басқару органы конкурсты өтпеді деп таниды және қайтадан конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 81
81. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттарды қайта келіспеген жағдайда білім беруді басқару органы барлық кандидатты келесі кезеңге өткізеді.
Тармақ 82
82. Мамандандырылған білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына үміткер кандидаттар «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен келісудің қосымша кезеңінен өтеді. «Білім-инновация» лицейлері басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар конкурстың төртінші, бесінші және алтыншы кезеңдерінен өтпей «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен келісуден және конкурс жариялаған білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесуден өтеді.
Тармақ 83
83. Конкурстың алтыншы кезеңі облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім басқармасы өткізетін кандидатпен әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 84
84. Кандидаттарды облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен келісу кезеңін өткізу үшін конкурстық комиссия құрылады. Комиссияның өкілеттігі мен құрамы осы Қағидалардың 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51 -тармақтарымен айқындалады.
Тармақ 85
85. Әрбір кандидатқа осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатты бағалау парағы» толтырылады және мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы бос лауазымына кандидатпен әңгімелесу үшін тақырыптық бағыттар осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 86
86. Конкурс қатысушыларын облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен келісу нәтижесі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді түрінде ресімделеді және екі жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына жіберіледі.
Тармақ 87
87. Конкурстың қорытынды кезеңін конкурстың барлық кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, білім беру ұйымы ведомствосында және қарамағында болып табылатын комиссия өткізеді.
Тармақ 88
88. Конкурстың қорытынды кезеңін өткізудің мақсаты кандидаттың Қазақстан Республикасының бала және жасөспірім жасындағы психология, ұжымдағы басқару мен іскерлік өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызметтік этика саласындағы заңнамасы бойынша теориялық білімдерінің деңгейін анықтау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктеріне, кәсіби және жеке қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілетіне қатысты ақпаратты нақтылау, болжамды лауазымдағы қызмет перспективаларын айқындау болып табылады.
Тармақ 89
89. Әңгімелесу өткізу тәртібін комиссия дербес айқындайды.
Тармақ 90
90. Конкурстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша комиссия үш жұмыс күні ішінде бір үміткерді анықтайды және білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау үшін оның кандидатурасын білім беруді басқару органы басшысының атына енгізеді.
Тармақ 91
91. Конкурстан өтпеген кандидаттарға білім беруді басқару органы үш жұмыс күні ішінде конкурстың қорытындылары туралы жазбаша хабарлайды.
Тармақ 92
92. Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Тармақ 93
93. Конкурстан өтпеген кандидаттардың құжаттары конкурс өткізген білім беруді басқару органының архивіне тапсырылады және бес жыл бойы сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау тәртібі
Тармақ 94
94. Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау (бұдан әрі - Конкурстық тағайындау) тәртібін конкурс жариялаған білім беруді басқару органы жүзеге асырады және бірнеше дәйекті кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
Тармақша 4
4) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);
Тармақша 5
5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу;
Тармақша 6
6) кандидаттарды облыстың білім беруді басқару органдарымен келісу (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда);
Тармақша 7
7) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Тармақ 95
95. «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ Президенттік кадрлар резервіне енгізілген тұлғалар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған тізімге енгізілген шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлықты растайтын құжаты, сондай-ақ осы Қағидалардың 102-тармағының 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттары болған жағдайда конкурстың төртінші, бесінші және алтыншы кезеңдерінен өтуден босатылады және жетінші кезеңге жіберіледі.
Тармақ 96
96. Білім беруді басқару органы конкурстың өту мерзімін, орнын және тәртібін анықтайды, конкурстық тағайындау туралы хабарландыру мәтінін жасайды, хабарландырудың бұқаралық ақпарат құралдарында немесе білім беруді басқару органының ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етеді.
Тармақ 97
97. Хабарландыру мәтіні мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс жариялаған білім беруді басқару органының атауы;
Тармақша 2
2) конкурс жарияланатын лауазымның атауы;
Тармақша 3
3) орналасқан жерін, оның қызметінің қысқаша сипаттамасын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).
Бастауыш, негізгі орта, орта, шағын жинақты мектептерді қоспағанда білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Арнайлы білім беру ұйымдары үшін: «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, Арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы кемінде бір жыл өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, облыстық немесе республикалық, немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін және жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде басшының орынбасары лауазымындағы; педагогтың жоғары біліктілік санатының, педагог – зерттеуші немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Шағын жинақты мектептер үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы соңғы екі жылда педагогикалық жұмыс өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейін бойынша; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін, өндірістен өткен тұлғаларды қоспағанда).
Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Қосымша білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл; педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру институттарының мамандарын қоспағанда).
Тармақша 5
5) мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері;
Тармақша 6
6) лауазымдық жалақының мөлшері;
Тармақша 7
7) конкурстың өткізілетін күні мен орны;
Тармақша 8
8) конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі мен орны;
Тармақша 9
9) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
Тармақша 10
10) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары.
Тармақ 98
98. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Тармақ 99
99. Білім беруді басқару органы хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
Тармақша 3
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);
Тармақша 4
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
Тармақша 6
6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
Тармақша 7
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
Тармақша 8
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 9
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
Тармақша 11
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
Тармақша 12
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
Тармақша 13
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
Тармақша 14
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Тармақ 100
100. 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Тармақ 101
101. Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 102
102. Бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдаудың алдын алу мақсатында білім беруді басқару органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жібереді.
Тармақ 103
103. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары бойынша біліктілігін бағалауды білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясы үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 104
104. Конкурстық комиссияны осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен білім беруді басқару органының басшысы құрады.
Тармақ 105
105. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болып табылады және осы Қағидалардың 101-тармағында көрсетілген, конкурстық комиссияның құрамын бекіткен тұлғаның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 106
106. Конкурстық комиссия төрағаны қосқанда кемінде жеті адамнан тұрады. Бұл ретте комиссия құрамына облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, әдістемелік құрылымдардың, қамқоршылық кеңестердің, ата-аналар қоғамының өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері, бір тәуелсіз сарапшы кіреді.
Тармақ 107
107. Сарапшылар ретінде мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын адамдар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, мәслихаттардың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Тармақ 108
108. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 109
109. Конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 110
110. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.
Тармақ 111
111. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту уәкілетті тұлғаның шешімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 112
112. Комиссияның әрбір отырысы төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 113
113. Комиссияның отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса өтті, ал оның шешімі заңды болып есептеледі.
Тармақ 114
114. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 115
115. Конкурстық комиссияның қызметі аудио- немесе бейнежазбамен сүйемелденеді. Аудиобейнежазбалар архивте бір жыл бойы сақталады.
Тармақ 116
116. Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау қорытындысы бойынша білім беруді басқару органының комиссиясы кандидаттарды тестілеуден өтуге жібереді.
Тармақ 117
117. Тестілеуді ұйым (бұдан әрі – тестілеуді өткізетін ұйым) облыстың жергілікті атқарушы органының жасасқан шарттарының негізінде білім беруді басқару органының жауапты тұлғаларының және өзге де тартылған тұлғалардың қатысуынсыз өткізеді.
Тармақ 118
118. Білім беруді басқару органының жауапты тұлғаларының, сондай-ақ тестілеуді өткізу процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғалардың кандидаттарды тестілеу рәсіміне араласуына жол берілмейді.
Тармақ 119
119. Тестілеуді өткізу кезінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері арасынан тәуелсіз бақылаушы тартылады.
Тармақ 120
120. Тестілеу электрондық форматта және кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 121
121. Тестілеуден конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар, сондай-ақ конкурс жарияланғанына қарамастан (бұдан әрі – конкурстан тыс) өтеді.
Тармақ 122
122. Кандидаттар тестілеуден өту үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өткізетін ұйымға өтініш береді.
Тармақ 123
123. Тестілеуден өтуге өтініш берген кезде кандидаттар тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын таңдайды және тестілеу өткізетін ұйым дайындайтын тестілеу өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 124
124. Тестілеу өткізетін ұйым осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге қатысатын адамдардың тізімін қалыптастырады.
Тармақ 125
125. Ашықтық пен құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында тестілеу өткізілетін орын бейне-аудио жазба камераларымен жабдықталады.
Тармақ 126
126. Кандидат тестілеуді өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.
Тармақ 127
127. Тестілеу басталғанға дейін жауапты тұлға кандидаттарға тестілеу кезінде кандидаттардың жүріс-тұрыс ережесін түсіндіреді.
Тармақ 128
128. Тестілеуді өткізу кезінде кандидатқа аудиториядан жауапты тұлғаның еріп жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, орнын ауыстыруға, аудиторияға шпаргалкаларды, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 129
129. Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден өтеді.
Тармақ 130
130. Тестілеуден өту кезінде кандидат 120 сұраққа жауап беруі қажет:
нормативтік құқықтық актілер бойынша – 100 сұрақ;
педагогика және психология негіздері бойынша – 20 сұрақ.
Тармақ 131
131. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әр бағыт бойынша 50%-ды құрайды.
Тармақ 132
132. Тестілеуге берілген уақыт аяқталғанда бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.
Тармақ 133
133. Дұрыс жауаптар коды қалыптастырылады.
Тармақ 134
134. Тестілеу аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз етуде кандидатқа осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу нәтижесі – тестілеуден өткені туралы анықтама беріледі.
Тармақ 135
135. Тестілеуден өткені туралы анықтама тестілеу тапсырған күннен бастап бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады және комиссия конкурс қатысушыларының біліктілігін бағалау кезеңінде ескереді.
Тармақ 136
136. Шекті деңгейді ала алмаған кандидаттар комиссияның шешімімен конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
Тармақ 137
137. Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткер, бірақ шекті деңгейді ала алмаған тұлғалар тестілеуді тапсырған күннен бастап бір ай өткеннен кейін қайта тестілеуден өтеді.
Тармақ 138
138. Тестілеу қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органы бос лауазымға орналасуға үміткерлердің тізімін Қамқоршылық кеңеске жібереді.
Тармақ 139
139. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды хабардар еткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға кандидаттардың қатысуымен отырыс өткізеді. Қамқоршылық кеңесінің (оның барлық отырыстарының) отырыстары аудио бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио бейне жазба білім беру ұйымында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
Тармақ 140
140. Қамқоршылық кеңес үміткерлерге хабарланғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға үміткерлердің қатысуымен отырыс өткізеді.
Тармақ 141
141. Қамқоршылық кеңестің отырысында кандидаттар Мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.
Тармақ 142
142. Отырыс қорытындысы бойынша қамқоршылық кеңес әрбір кандидатура бойынша хаттамалық шешім шығарады және білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына екі кандидаттан артық емес кандидатқа келісім береді. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы отырыс өткізілгеннен кейін келесі күні білім беруді басқару органына ұсынылады.
Тармақ 143
143. Егер қамқоршылық кеңес әрбір кандидатура бойынша хаттамалық шешім шығарған және кандидаттар келісілмеген жағдайда, білім беруді басқару органы конкурсты өтпеді деп таниды және қайтадан конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 144
144. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттарды қайта келіспеген жағдайда білім беруді басқару органы барлық кандидатты келесі кезеңге өткізеді.
Тармақ 145
145. Мамандандырылған білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына үміткер кандидаттар «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен келісудің қосымша кезеңінен өтеді. «Білім-инновация» лицейлері басшысының бос лауазымына үміткер үміткерлер «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен келісудің қосымша кезеңінен өтеді. «Білім-инновация» лицейлері басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер үміткерлер конкурстың төртінші, бесінші және алтыншы кезеңдерінен өтпей «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен келісуден және конкурс жариялаған білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесуден өтеді.
Тармақ 146
146. Конкурстың алтыншы кезеңі облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім басқармасы өткізетін кандидатпен әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 147
147. Кандидаттарды облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен келісу кезеңін өткізу үшін конкурстық комиссия құрылады. Комиссияның өкілеттігі мен құрамы осы Қағидалардың 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115-тармақтарымен айқындалады.
Тармақ 148
148. Әрбір кандидатқа осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатты бағалау парағы» толтырылады және мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы бос лауазымына кандидатпен әңгімелесу үшін тақырыптық бағыттар осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 149
149. Конкурс қатысушыларын облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен келісу нәтижесі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді түрінде ресімделеді және екі жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына жіберіледі.
Тармақ 150
150. Конкурстың қорытынды кезеңін конкурстың барлық кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, білім беру ұйымы ведомствосында және қарамағында болып табылатын комиссия өткізеді.
Тармақ 151
151. Конкурстың қорытынды кезеңін өткізудің мақсаты кандидаттың Қазақстан Республикасының бала және жасөспірім жасындағы психология, ұжымдағы басқару мен іскерлік өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызметтік этика саласындағы заңнамасы бойынша теориялық білімдерінің деңгейін анықтау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктеріне, кәсіби және жеке қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілетіне қатысты ақпаратты нақтылау, болжамды лауазымдағы қызмет перспективаларын айқындау болып табылады.
Тармақ 152
152. Әңгімелесу өткізу тәртібін комиссия дербес айқындайды.
Тармақ 153
153. Конкурстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша комиссия үш жұмыс күні ішінде бір үміткерді анықтайды және білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау үшін оның кандидатурасын білім беруді басқару органы басшысының атына енгізеді.
Тармақ 154
154. Конкурстан өтпеген кандидаттарға білім беруді басқару органы үш жұмыс күні ішінде конкурстың қорытындылары туралы жазбаша хабарлайды.
Тармақ 155
155. Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Тармақ 156
156. Конкурстан өтпеген кандидаттардың құжаттары конкурс өткізген білім беруді басқару органының архивіне тапсырылады және бес жыл бойы сақталады.
Басқа 1.1
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына 1-қосымша
«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Мемлекеттік қызметті облыстардың, қалалардың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 2 (екі) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті беруші орналаспаған жер бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 7 (жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
қағаз жүзінде
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
тегін
7
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты мен ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынады.
3), 4), 7), 8) 9), 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну, егер көрсетілетін қызметті берушінің оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, талап етілмейді.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерін пайдалануға келісімін алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
10
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77777 телефондары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz. орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
Басқа 1.2
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына 2-қосымша
«Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)
2
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 2 (екі) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті беруші орналаспаған жер бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 7 (жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
қағаз жүзінде
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
тегін
7
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты мен ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынады.
3), 4), 7), 8) 9), 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну, егер көрсетілетін қызметті берушінің оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, талап етілмейді.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерін пайдалануға келісімін алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
10
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77777 телефондары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz. орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
Басқа 1.3. Өтініш
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына 3-қосымша
____________________________________
конкурстық комиссияның атауы
____________________________________
__________________________
кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
___________________________________
___________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________________
_____________________________
нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары
Өтініш
Мені_________________________________ басшысы бос лауазымына
білім беру ұйымының атауы
орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.
білім беру ұйымының атауы
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:
Білімі:
Оқу орнының атауы
Оқу кезеңі
Диплом бойынша мамандық
Жұмыс өтілі:
Жалпы
Мамандық бойынша
Педагогикалық
Осы білім беру ұйымында
Алынған (берілген) жылын көрсете отырып, наградалары, атағы, ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы
_________________________________________________________________________
Конкурс қағидаларымен таныстым
* Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20____жылғы «____» _______________ __________________________
(Қолы)
Басқа 1.4. Құжаттардың қабылданғаны туралы колхат
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына 4-қосымша
Нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты,әкесінің аты (болған жағдайда)
Құжаттардың қабылданғаны туралы колхат
________________________________________________________________
/ көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса) көрсетіңіз /
________________________________________________________________
/ көрсетілетін қызметті берушінің атауы/
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің (республикалық маңызы бар
мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің) (қажеттісінің астын сызу керек)
басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін қабылданған құжаттар
тізбесі
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
Кабылдады:
________________________________ 20__ жылғы "___" _________
(Орындаушының Т.А.Ә.) (қолы, байланыс телефоны)
Басқа 1.5. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына 5-қосымша
Нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік
мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және
қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау
қағидаларының 23 (26)-тармағын басшылыққа ала отырып,
___________________________________________________________________
/көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атауын,
мекен-жайын көрсетіңіз /
___________________________________________________________________
/жоқ немесе сәйкес келмейтін құжаттардың атауын көрсетіңіз/
атап айтқанда:
1) _________________________________;
2) _________________________________;
3) ________________________________________________ байланысты
__________________________________________________________________
/ көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә көрсетіңіз (бар болса) /
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының (республикалық маңызы бар мемлекеттік
білім беру ұйымдарының) басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін
құжаттарын қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір данадан 2 данада жасалды.
20__ жылғы "___" _________ ____________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы, телефоны)
Қабылдадым: ________________________________________
/көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) /қолы
20__ жылғы «___» _________
Басқа 1.6
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына 6-қосымша
Нысан
ЖСН ______________________________________________________________
Байланыс телефон нөмірі _________________________________________
"____" _______________ 20__ жыл
__________________________ (қолы)
Басқа 1.7
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындау бойынша конкурс шеңберінде/конкурстан тыс тестілеуге қатысатын кандидаттардың тізімі
№
ТАӘ (болған жағдайда) (толық)
ЖСН*
конкурста/
конкурстан тыс
* Ескерту: Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.
Мөр орны
Басқа 1.8. Мемлекеттік ұйымдардың басшыларын орналастыруға және мемлекеттік
білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындауға арналған
конкурстық/ конкурстан тыс қатысушының тестілеуден өткендігі туралы
анықтама
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына
8-қосымша
Мемлекеттік ұйымдардың басшыларын орналастыруға және мемлекеттік
білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындауға арналған
конкурстық/ конкурстан тыс қатысушының тестілеуден өткендігі туралы
анықтама
________________қаласында мемлекеттік ұйымның басшысы лауазымына
тестілеуге қатысқанын растайды
НҚА атауы
Тестік тапсырмалар саны
Шекті балл саны%
Жинаған балл саны
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуге арналған тестілеу
100 сұрақ
50%
2.
Педагогика және психология негіздерін білуге арналған тестілеу
20 сұрақ
50%
Барлығы
120
Комиссия төрағасы: _______________________________
(Т.А.Ә.(бар болса), қолы)
Конкурстан тыс қатысушылар үшін кадр қызметінің маманы:_____________
(Т.А.Ә., қолы)
Мөр орны
Басқа 1.9. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатты бағалау парағы
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына
9-қосымша
Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатты бағалау парағы
№
Өлшемшарттар
Балл саны
(1-ден 10-ға дейін)
1
Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша теориялық білім деңгейі
2
Білім берудегі менеджменттің негізгі қағидаттарын білу
3
Кандидаттың жеке кәсіби қасиеттері
4
Қазіргі білім беру міндеттерін іске асыру жөніндегі идеялардың бірегейлігі мен негізділігі
5
Білім беру ұйымдарын табысты дамыту бойынша практикалық көзқарасы
6
Жағдаяттық тапсырмаларды ұтқыр, икемді шеше білу
7
Белсенді, жағымды педагогикалық ортаны құра білу
8
Білім беру ұйымдарын басқаруда шығармашылық әлеуетті пайдалану
9
Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті
Қорытынды:
Ескерту: Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың өлшемшарттарын комиссия мүшелері 10 балдық шкала бойынша бағалайды:
0-3 – жеткіліксіз деңгей;
4-7 – жеткілікті деңгей;
7-10 – өте жақсы деңгей.
Басқа 1.10. Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен
әңгімелесудің тақырыптық бағыттары
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына
10-қосымша
Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен
әңгімелесудің тақырыптық бағыттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары.
Тармақ 2
2. Білім берудегі менеджменттің заманауи тәсілдері.
Тармақ 3
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары.
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар.
5.Табысты білім беру ұйымының, табысты басшының, табысты білім алушылар/тәрбиенушілердің, табысты педагогтің өлшемшарттары.
Тармақ 6
6. Қазақстандық білім берудегі халықаралық зерттеулердің рөлі.
Тармақ 7
7. Білім беру ұйымындағы ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жүйесі.
Тармақ 8
8. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу ерекшеліктері.
Тармақ 9
9. Әкімшілік пен Қамқоршылық кеңестің өзара әрекеттесу жүйесі.
Тармақ 10
10. Кадрларды даярлауда әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықтың рөлі.
Тармақ 11
11. Білім беру ұйымын білікті кадрлармен қамтамасыз ету міндеттері.
Тармақ 12
12. Білім беру ұйымының қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі мен нәтижелері.
Тармақ 13
13. Экономика саласы үшін кадрлар даярлаудың жаңа тәсілдері.
Мөр орны
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «____» _________
№ ____бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 cәуірдегі № 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 мамырда № 11058 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 366 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 20 тамызда № 19264 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 16727 болып тіркелген);
Тармақша 4
4) «Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 340 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 1 шілдеде № 11516 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған).