«О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 февраля 2012 года № 57 «Об утверждении правил назначения на должности, освобождения от должностей первых руководителей и педагогов государственных организаций образования» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықтың алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 8. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 486 мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 362 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 33) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына орналасу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 139-бабының 1-тармағына сәйкес тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару арқылы жүзеге асырылады. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын конкурс бойынша қабылдауға конкурстық комиссияның оң қорытындысы негіз болып табылады. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау үшін кандидат ұйымға Кодекстің 32-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 4
4. Азаматтық қызметке конкурстық негізде кіру бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі
Тармақ 5
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының (бұдан әрі – бірінші басшы) бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Білім басқармасына конкурс өткізу туралы жазбаша өтініш хат жібереді.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органның орта білім беру ұйымын құру туралы актісінің негізінде конкурс қорытындылары бойынша бірінші басшыны тағайындауға жол беріледі.
Тармақ 7
7. Бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымының міндеттерін орындау осы білім беру ұйымындағы басшы орынбасарына немесе педагогке конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін алты айдан аспайтын мерзімге осы Қағидалардың 72-тармағының талабы негізінде жүктеледі.
Тармақ 1. 1-параграф. Бiрiншi басшының лауазымына конкурс өткiзу тәртiбi
1-параграф. Бiрiншi басшының лауазымына конкурс өткiзу тәртiбi
Тармақ 8
8. Бірінші басшының лауазымына арналған конкурсты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жеке құрылымдық бөлімшесі және (немесе) ведомстволық бағыныстылығына қарай облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасы жариялайды.
Тармақ 9
9. Конкурс бірқатар кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурс өткізу туралы хабарландыруды конкурсты жариялаған мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жариялау;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға кандидаттардан құжаттарды қабылдау;
Тармақша 3
3) кандидаттар құжаттарының «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік сипаттамалары) сәйкестігін қарау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу.
Тармақ 10
10. Президенттік кадр резервіндегі адамдар, Назарбаев университетінің түлектері немесе Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқудан өткен шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері немесе Quacquarelli Symonds World University Rankings, Times Higher Education (THE) университеттерінің әлемдік рейтингтері, әлемдік университеттердің Academic Ranking of World universities Шанхай рейтингі бойынша әлемнің үздік 100 университетінде оқыған түлектер сертификаттаудан босатылады, кандидат тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағының 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттары болған, Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келген жағдайда әңгімелесуге жіберіледі.
Тармақ 11
11. Конкурсты өткізу туралы хабарландырудың мәтіні мынадай ақпараттарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ведомствосында және қарамағында мемлекеттік білім беру ұйымы бар мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 2
2) конкурс жарияланған лауазымның атауы;
Тармақша 3
3) орналасқан жері, қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;
Тармақша 4
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшының лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
Тармақша 5
5) бірінші басшының лауазымдық міндеттері;
Тармақша 6
6) лауазымдық жалақының мөлшері;
Тармақша 7
7) конкурсты өткізу мерзімі мен орны;
Тармақша 8
8) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны;
Тармақша 9
9) осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;
Тармақша 10
10) санын конкурс жариялаған мемлекеттік орган айқындайтын байқаушылардың тізімі;
Тармақша 11
11) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары;
Тармақша 12
12) уақытша бос лауазымға конкурс өткізген жағдайда, бірінші басшының уақытша бос лауазымының мерзімі.
Тармақ 12
12. Бірінші басшы лауазымына кандидат құжаттарды конкурсқа қатысуға жібергенге дейін заңнаманы білуге арналған сертификаттаудан және мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде білуге арналған тестілеуден (ҚАЗТЕСТ) өз бетінше өтеді.
Тармақ 13
13. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық комиссия құру туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 14
14. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармаларының конкурстық комиссиясының құрамы жеті адамнан, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланған төрағадан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, басшылар, басшылардың орынбасарлары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаты бар әдіскерлері, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі.
Тармақ 15
15. Министрліктің конкурстық комиссиясының құрамы бес адамнан, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланған төрағадан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның, ведомствоның құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына жетекшілік ететін өкілдер, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның өкілі, бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі.
Тармақ 16
16. Тәуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік немесе азаматтық қызметші болып табылмайтын тұлға қатысады.
Тармақ 17
17. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және он сегіз жастан асқан байқаушылар шақырылады.
Тармақ 18
18. Байқаушылар кандидаттарға сұрақтар қоймайды, конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамайды, кандидаттардың жеке деректеріне, конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жарияламайды, техникалық жазба құралдарын пайдаланбайды.
Тармақ 19
19. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Конкурстық комиссияның хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыға арналған жадынамамен таныстырады.
Тармақ 22
22. Байқаушылар мемлекеттік органның басшысына конкурстық комиссияның жұмысы туралы өз пікірін жазбаша нысанда ұсынады.
Тармақ 23
23. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырысын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 24
24. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 25
25. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.
Тармақ 26
26. Конкурстық комиссияның отырысы төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 27
27. Комиссияның отырысы, егер оған конкурстық комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.
Тармақ 28
28. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 29
29. Конкурстық комиссияның отырысы аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейнежазбалар конкурстық комиссияның бірінші отырысы өткізілген күннен бастап 1 (бір) жыл бойы білім беру ұйымдарында сақталады.
Тармақ 30
30. Соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыстар және/немесе адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында білім беруді басқару органының, тиісті саладағы уәкілетті органның кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жолдайды. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысудан шеттетіледі.
Тармақ 31
31. Кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауды конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 32
32. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Министрлік және (немесе) облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша көрсетеді.
Тармақ 33
33. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тармақ 34
34. Бірінші басшы лауазымына орналасуға үміткер жеке тұлғалар (бұдан әрі – кандидаттар) хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес электрондық немесе қағаз түріндегі құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жолдайды.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініш қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Тармақ 36
36. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап келіп түседі.
Тармақ 37
37. Мемлекеттік қызметті алуға құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Тармақ 38
38. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 39
39. Қалыптастырылған өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап 1(бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Тармақ 40
40. Тізбеде көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 41
41. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
Тармақ 42
42. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 43
43. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.
Тармақ 44
44. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Тармақ 45
45. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға беріледі.
Тармақ 46
46. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Тармақ 47
47. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік шара қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Тармақ 48
48. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 49
49. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 50
50. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс) 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа шағымдануға рұқсат етіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Бірінші басшы лауазымына сертификаттаудан өту тәртібі
3-параграф. Бірінші басшы лауазымына сертификаттаудан өту тәртібі
Тармақ 51
51. Кандидаттарды сертификаттауды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым (бұдан әрі – Ұйым) конкурс жариялаған мемлекеттік орган өкілдерінің және өзге де жұмылдырылған тұлғалардың қатысуынсыз ақылы негізде жүзеге асырады.
Тармақ 52
52. Кандидат сертификаттаудан өту үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұйымға өтініш береді.
Тармақ 53
53. Сертификаттаудан өткізу кезінде қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатарынан тәуелсіз байқаушы тартылады.
Тармақ 54
54. Сертификаттау электронды форматта жүргізіледі.
Тармақ 55
55. Кандидат сертификаттаудан өткізу пунктіне кірер кезде жеке басын куәландыратын құжатымен сәйкестендіріледі.
Тармақ 56
56. Кандидаттар Кодексті, «Білім туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бұйрықтарын білуге сертификаттаудан өтеді.
Тармақ 57
57. Тест тапсырмалары 48 (қырық сегіз) сұрақтан тұрады.
Тармақ 58
58. Сертификаттаудан өту үшін шекті деңгей әрбір заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді білудің 50%-ын құрайды.
Тармақ 59
59. Сертификаттауға 180 минут беріледі, уақыт аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.
Тармақ 60
60. Ұйым кандидаттың жеке кабинетіне осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификаттаудан өткені туралы сертификаттау нәтижесін жібереді.
Тармақ 61
61. Сертификаттаудан өткені туралы сертификат сертификаттаудан өткен күннен бастап 1 (бір) жыл бойы қолданыста болады.
Тармақ 62
62. Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткер, бірақ шекті деңгейге жетпеген кандидаттар қайта сертификаттаудан өтуге құқылы.
Тармақ 63
63. «Білім-инновация» лицейінің бірінші басшысы бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар сертификаттаудан өтуден босатылады, құжаттардың Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі қаралғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен әңгімелесу нысанында келісуден өтеді, конкурс жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесуден өтеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Әңгімелесуден өту тәртібі
4-параграф. Әңгімелесуден өту тәртібі
Тармақ 64
64. Әңгімелесуден өту кезінде конкурстық комиссияның мүшелері осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тақырыптық бағыттар бойынша сұрақтар қалыптастырады. Әрбір кандидатқа осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына кандидатты бағалау парағы» толтырылады.
Тармақ 65
65. Әңгімелесуді өткізу тәртібін конкурстық комиссия дербес айқындайды.
Тармақ 66
66. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган конкурсқа қатысқан кандидаттарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстың қорытындылары туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 67
67. Мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға орналасатын тұлғалар және олардың жұбайлары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына тапсырады.
Тармақ 68
68. Мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға орналасқан тұлғалар және олардың жұбайлары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кіріс органдарына тапсырады.
Тармақ 69
69. Конкурс қорытындысы бойынша Министрлік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидатпен еңбек шартын жасасады және тағайындау туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 70
70. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысымен жасалған еңбек шартында аттестаттаудан, ротациядан өту шарттары мен тәртібі, сондай-ақ еңбек қатынастарын орындау кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы қол жеткізуге тиіс қызметтің негізгі көрсеткіштері көзделеді. Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда еңбек шарты жұмыскердің аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары үшін ротациялау қағидаларында айқындалған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылады.
Тармақ 71
71. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші басшы лауазымға 5 (бес) жыл мерзімге тағайындалады.
Тармақ 72
72. Бірінші басшының және білім беруді басқару органының келісімімен еңбек шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін бірінші басшы осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін алты айдан аспайтын мерзімге осы білім беру ұйымының бірінші басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалады. Бірінші басшының міндеттерін орындау еңбек шартына қосымша келісім жасаумен және тиісті бұйрық шығарумен ресімделеді. Жоғарыда көрсетілген қолданылу мерзімі өткеннен кейін еңбек шарты Кодекстің 49-бабы 2) тармақшасының негізінде бұзылуға жатады. Еңбек шартын бұзу туралы хабарламаның болмауы еңбек шартын белгіленбеген мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 73
73. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымын бір білім беру ұйымында 5 (бес) жылдан екі мерзім немесе 10 (он) жылдан астам уақыт атқарған тұлға осы білім беру ұйымындағы бірінші басшының бос және уақытша бос лауазымына орналасуға үміткер бола алмайды және конкурсқа қатыса алмайды.
Тармақ 74
74. Кандидаттар конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімімен 3 (үш) жұмыс күні ішінде танысады.
Тармақ 75
75. Конкурстан өтпеген кандидаттардың құжаттары конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) 1 (бір) жыл бойы сақталады.
Тармақ 76
76. Бірінші басшының бос лауазымына кандидат анықталмаған жағдайда, конкурстық комиссияның шешімімен конкурс өтпеді деп танылады.
Тармақ 77
77. Конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қатысушы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс жариялаған мемлекеттік органның апелляциялық комиссиясына 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымданады.
Тармақ 78
78. Конкурс жариялаған мемлекеттік білім беру ұйымы Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын айқындайды және бекітеді. Апелляциялық комиссияның құрамы бес адамнан тұрады.
Тармақ 79
79. Апелляциялық комиссияның төрағасы басшылық жасайды, хатшы апелляциялық комиссияның отырысын ұйымдастырады, хаттаманы ресімдейді, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 80
80. Апелляциялық комиссияның шешімі апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімі осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған апелляциялық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 81
81. Апелляциялық комиссияның шешіміне Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалған тәртіппен шағым жасалады.
Тармақ 82
82. Мемлекеттік ұйымның бірінші басшысын қызметтен босату Қазақстан Республикасының еңбек және өзге де заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 83
83. Егер елді мекенде тиісті типтегі және түрдегі бір ғана білім беру ұйымы болса, осы білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымында 5 (бес) және одан да көп жыл отырған басшы келісімі бойынша ауыстыру тәртібімен басқа елді мекенге білім беру ұйымына тағайындалады.
Тармақ 5. 5-параграф. Білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау және оларды тағайындау тәртібі
5-параграф. Білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау және оларды тағайындау тәртібі
Тармақ 84
84. Республикалық кадр резервіне (бұдан әрі – Кадр резерві) кандидаттарды іріктеу және даярлау адал бәсекелестік, теңдік, объективтілік, ашықтық, айқындылық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады. Кадр резервіне кандидаттарды іріктеуге және даярлауға жұмыс істеп жүрген педагогтер, бірінші басшылардың орынбасарлары, білім беру саласындағы мемлекеттік және азаматтық қызметшілер қатысады.
Тармақ 85
85. Кадр резервіне кандидаттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 95 бұйрық) бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларының 6-тармағына сәйкес келетін Ұйым даярлайды.
Тармақ 86
86. Кадр резервін іріктеу және даярлау кезеңдері:
Тармақша 1
1) кандидаттарды іріктеу және құзыреттілікті бағалауға арналған тестілеу;
Тармақша 2
2) аралық бағалай отырып оқыту;
Тармақша 3
3) тағылымдама;
Тармақша 4
4) қорытынды бағалау рәсімі;
Тармақша 5
5) Кадр резервін қалыптастыру.
Тармақ 87
87. Уәкілетті органың және Ұйымның ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында Кадр резервіне кандидаттарды іріктеу және даярлау кезендері туралы хабарландыру жарияланады.
Тармақ 88
88. Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін кандидаттар хабарландыруда көрсетілген интернет-ресурсқа мынадай құжаттарды жүктейді:
Тармақша 1
1) білім туралы диплом және/немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
Тармақша 2
2) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік немесе бұйрық;
Тармақша 3
3) жұмыс орнынан кадр қызметінің қолымен және мөрімен расталған анықтама;
Тармақша 4
4) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқаудың болмауы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) наркологиялық науқастарды динамикалық байқаудын болмауы туралы анықтама;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы мәлімет. Кандидаттар құжаттарын хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүктейді. Жоғарыда көрсетілген құжаттарға іріктеу кезеңінің уақыты қойылады.
Тармақ 89
89. Ұйым күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде кандидаттардың келіп түскен құжаттарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарайды.
Тармақ 90
90. Қағидалардың 88-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Ұйым кандидатқа жеткіліксіз құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсыну туралы ескертеді.
Тармақ 91
91. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, кандидат кез келген кезеңде шеттетіледі.
Тармақ 92
92. Кандидаттарды іріктеу аяқталғаннан кейін Ұйым құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуді (бұдан әрі – тестілеу) өткізу үшін тізімді Уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган тестілеуге жіберілген кандидаттардың тізімін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына тізімге сәйкес жібереді. Білім беруді басқару органдары кандидаттардың тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 93
93. Тестілеуден өту үшін кандидаттар алдын ала нұсқамадан өтеді, логин, құпиясөз алады және осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес тестілеуді өткізу үшін келісімге қол қояды.
Тармақ 94
94. Тестілеуді Ұйым офлайн форматта өткізеді.
Тармақ 95
95. Тестілеу ұзақтығы 120 (бір жүз жиырма) минутты құрайды. Тестілеу нәтижелері автоматты түрде өңделеді және электрондық поштаға жіберіледі.
Тармақ 96
96. Тестілеу нәтижелері бойынша оқытуға ұсынылған кандидаттардың сараланған тізімі қалыптастырылады. Бұл тізім кандидаттарды оқуға жіберуді үйлестіру үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 97
97. Оқытуды Ұйым аралық бағалай отырып, үш деңгейді көздейтін базалық, ілгерілетілген, кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша жүргізеді.
Тармақ 98
98. Кадр резервін даярлау бойынша оқыту № 95 бұйрыққа және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20567 болып тіркелген) бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 99
99. Кандидаттарды оқытқаннан кейін Ұйым әр деңгейде тестілеу немесе рефлексиялық есеп форматында тәуелсіз бағалау рәсімдерін жүргізеді.
Тармақ 100
100. Ұйым сыртқы қорытынды бағалау нәтижелерін толық талдай отырып, оқытудың келесі деңгейіне өтпеген кандидаттармен тыңдау өткізеді.
Тармақ 101
101. Тәуелсіз бағалау рәсімі рефлексивті есептерді плагиатқа тексеруді, рефлексивті есептерді курс бағдарламасының идеяларын білу және түсіну, білімді практикада қолдану және рефлексия критерийлеріне сәйкес бағалауды қамтиды.
Тармақ 102
102. Аралық бағалау нәтижелері бойынша келесі оқу деңгейіне өтпеген кандидаттарға Ұйым белгілеген нысан бойынша курсты тыңдағаны туралы анықтама беріледі.
Тармақ 103
103. Базалық және ілгерілетілген деңгейлердің аралық бағалау қорытындылары бойынша Ұйым уәкілетті органға ілгерілетілген және кәсіби оқыту деңгейлерінен өту үшін кандидаттардың тізімін келісуге жібереді.
Тармақ 104
104. Білім беруді басқару органдары кандидаттардың оқытудың әрбір деңгейіне қатысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 105
105. Ұйым кәсіби деңгейде оқыту аяқталғаннан кейін тағылымдамадан өту үшін кандидаттардың тізімін қалыптастырады. Тағылымдамадан өту орнын уәкілетті орган айқындайды. Білім беруді басқару органдары кандидаттардың тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 106
106. Тағылымдама бағдарламасы елдің жетекші білім беру ұйымдарының тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленген бағдарлама бойынша оқыту нәтижесінде алынған кәсіби білімді, іскерліктер мен дағдыларды практикада бекітуге бағытталған.
Тармақ 107
107. Тағылымдама аяқталғаннан кейін кандидат сыртқы қорытынды бағалау үшін рефлексивті тағылымдама күнделігі мен рефлексивті есепті қамти отырып, портфолио дайындайды.
Тармақ 108
108. Қорытынды бағалау нәтижелері бойынша Ұйым: №95 бұйрыққа сәйкес курс бітіргені туралы сертификат береді; уәкілетті органға әңгімелесу өткізуге кандидаттардың тізімін жолдайды.
Тармақ 109
109. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) кемінде жеті адамнан тұратын алқалы орган болып табылады, оның құрамын уәкілетті орган бекітеді және құрамына уәкілетті органның, білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіптік одақтардың, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының өкілдері кіреді.
Тармақ 110
110. Комиссия сыртқы қорытынды бағалауды сәтті аяқтаған кандидаттармен әңгімелесу өткізеді және Кадр резервіне енген педагогтер тізімін бекіту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 111
111. Комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, Комиссияның отырысы өткізілген, ал оның шешімі заңды деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 112
112. Комиссия әңгімелесуді интернет-ресурстар арқылы офлайн немесе онлайн форматта өткізеді.
Тармақ 113
113. Комиссия отырысы уәкілетті органда 1 (бір) жыл бойы сақталатын аудио- және бейнежазбамен сүйемелденеді.
Тармақ 114
114. Әңгімелесу барысы және Кадр резервіне кандидаттарды ұсыну туралы Комиссияның шешімін қабылдау осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төраға мен хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 115
115. Комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті орган кандидаттарды Кадр резервіне қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 116
116. Уәкілетті орган Кадр резервіне қабылданған педагогтерге осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.
Тармақ 117
117. Кадр резервіне қабылданған педагогтер тізімі Ұйымның және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.
Тармақ 118
118. Кандидат іріктеу нәтижелері туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның апелляциялық комиссиясына осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іріктеу нәтижелеріне шағымданады.
Тармақ 119
119. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын уәкілетті орган айқындайды және бекітеді. Апелляциялық комиссияның құрамы бес адамнан тұрады.
Тармақ 120
120. Апелляциялық комиссияның төрағасы басшылықты жүзеге асырады, хатшы апелляциялық комиссияның отырысын ұйымдастырады, хаттаманы ресімдейді, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқығы жоқ. Апелляциялық комиссияның отырысы онлайн форматта өткізіледі.
Тармақ 121
121. Апелляциялық комиссияның шешімі апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімі осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған апелляциялық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 122
122. Апелляциялық комиссияның шешіміне Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте айқындалатын тәртіппен шағым жасалады.
Тармақ 123
123. Кадр резервінде болу мерзімі екі жылды құрайды.
Тармақ 124
124. Кадр резервіне қабылданған басшының орынбасары мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық рәсімдерден өтпей, еңбек шартын және жұмыс берушінің актісін жасау жолымен жұмыс берушінің шешіміне сәйкес тағайындалады.
Тармақ 125
125. Кадр резервіне алынған педагог мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымына осы Қағидалардың 137 және 140-тармақтарында көрсетілген конкурстық рәсімдерден өтпей және Үлгілік біліктілік сипаттамаларында айқындалған осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі белгіленбей, еңбек шартын және жұмыс берушінің актісін жасау жолымен жұмыс берушінің шешіміне сәйкес тағайындалады. Кадр резервіне алынған басшының орынбасары мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген конкурстық рәсімдерден өтпей және Үлгілік біліктілік сипаттамаларында айқындалған осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі белгіленбей, еңбек шартын және жұмыс берушінің актісін жасау жолымен жұмыс берушінің шешіміне сәйкес тағайындалады. Кадр резервіне алынған, осы Қағидалардың 125 және 126-тармақтарына сәйкес тиісті лауазымдарға тағайындалған педагог, басшының орынбасары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен лауазымдардан босатылады.
Тармақ 126
126. Білім басқармаларының қарауы бойынша Кадр резервіне алынған педагог шалғайдағы ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымының, шағын жинақты мектептің басшысы лауазымына олардың келісімі бойынша осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген конкурстық рәсімдерден өтпей және Үлгілік біліктілік сипаттамаларында айқындалған осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі белгіленбей, еңбек шартын және жұмыс берушінің актісін жасау жолымен жұмыс берушінің шешіміне сәйкес тағайындалады.
Тармақ 127
127. Кадр резервіне қабылданған педагог, басшының орынбасары бірінші кезектегі тәртіппен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынған мектептерге тиісінше басшының орынбасары, басшы болып тағайындалады.
Тармақ 128
128. Егер мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының, басшы орынбасарының бір бос лауазымына Кадр резервіне қабылданған екі және одан да көп педагог үміткер болған жағдайда, таңдау сертификаттың жоғары қорытынды балына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 129
129. Азаматтарды Кадр резервінен шығаруды уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) Кадр резервіне қабылданған тұлға (бұдан әрі – резервші) бірінші басшының бос лауазымына орналасқан;
Тармақша 2
2) резервші Кадр резервінен шығару туралы өтініш берген;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларда белгіленген Кадр резервіне қабылдаудың тәртібі мен шарттарын бұзған;
Тармақша 4
4) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған;
Тармақша 5
5) медициналық қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулары) бар, оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты бұзылыстары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек, халыққа наркологиялық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;
Тармақша 6
6) заңды күшіне енген сот үкіміне немесе медициналық қорытындыға сәйкес педагогикалық қызмет атқаруға тыйым салынған жағдайларда жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі
Тармақ 130
130. Педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесі базасындағы «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда, педагогтерді жұмысқа қабылдау қағаз форматта жүзеге асырылады.
Тармақ 131
131. Республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты тиісінше республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымы ұйымдастырады.
Тармақ 132
132. Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымы ұйымдастырады.
Тармақ 133
133. Шағын жинақты мектептерді, «Білім-инновация» лицей-интернаттарын қоспағанда, педагогтердің бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарына мемлекеттік білім беру ұйымы осы Қағидалардың 137-тармағына сәйкес болған жағдайда конкурс өткізеді. Егер шағын жинақты мектептің бос лауазымына екі және одан да көп кандидат үміткер болған жағдайда, қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 134
134. Жаңа білім беру ұйымы ашылған, сондай-ақ оқушылардың белгілі бір контингенті жаңа білім беру ұйымына ауысуынан оқушы орындары тапшы болған жағдайларда, осы сыныптарда сабақ берген және сынып жетекшілігін жүзеге асырған педагогтерді жұмысқа орналастыру конкурстық рәсім өткізілмей-ақ ауыстыру тәртібімен жүргізіледі.
Тармақ 135
135. Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес болған жағдайда, Кодекстің 38-бабына сәйкес жұмыс берушінің тиісті актісін шығару жолымен педагогті бір білім беру ұйымының ішінде бір лауазымнан екінші лауазымға ішкі ауыстыруға жол беріледі.
Тармақ 136
136. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы бойынша GPA 3,33 балдан төмен емес оқу нәтижесімен бітірген тұлғалар сертификаттаудан өткені туралы құжаты болған жағдайда, конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданады.
Тармақ 137
137. Конкурсқа Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 153-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар ұсынған педагогтер қатысады.
Тармақ 138
138. Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына конкурс «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес педагогтер үшін айқындалған нормативтік оқу жүктемесінің 50%-дан астамының есебін негізге ала отырып, білім беру ұйымында сағат болған жағдайда өткізіледі.
Тармақ 139
139. Бос лауазымдар болған жағдайда, әр педагогтің сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы керек.
Тармақ 140
140. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды білім беру ұйымының және (немесе) тиісті деңгейдегі білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында және (немесе) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы жариялау;
Тармақша 2
2) конкурсты өткізу күнін айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттар қабылдау;
Тармақша 4
4) кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
Тармақша 5
5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
Тармақ 141
141. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы;
Тармақша 2
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;
Тармақша 3
3) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
Тармақша 4
4) конкурс өткізу туралы соңғы жарияланған хабарландырудан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 153-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі;
Тармақша 6
6) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі.
Тармақ 142
142. Конкурсты өткізу мерзімі және конкурстық комиссияның құрамы мемлекеттік білім беру ұйымының бұйрығымен айқындалады.
Тармақ 143
143. Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссияның құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің (бірінші басшыны қоспағанда) өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының әдіскерлері, білім беру саласындағы азаматтық қоғам өкілі, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер, байқаушы кіреді.
Тармақ 144
144. Конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша басқа білім беру ұйымдарының өкілдерін енгізуге жол беріледі.
Тармақ 145
145. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырысын ұйымдастырады және оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 146
146. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 147
147. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.
Тармақ 148
148. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша жұмыс берушінің тиісті актісіне өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 149
149. Конкурстық комиссияның отырысы төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 150
150. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.
Тармақ 151
151. Әңгімелесу өткізу кезінде конкурстық комиссияның отырысы аудио- бейнежазбамен сүйемелденеді. Аудио- бейнежазбалар конкурс жариялаған білім беру ұйымдарында отырыс өткізілген күннен бастап 1 (бір) жыл бойы сақталады.
Тармақ 152
152. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 153
153. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Тармақша 3
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
Тармақша 4
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 5
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
Тармақша 6
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 7
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 8
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 9
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
Тармақша 10
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
Тармақша 11
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
Тармақша 12
12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Тармақша 13
13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Тармақ 154
154. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Тармақ 155
155. Осы Қағидалардың 153-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
Тармақ 156
156. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы сұрау салады.
Тармақ 157
157. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.
Тармақ 158
158. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.
Тармақ 159
159. Кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес Бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептейді.
Тармақ 160
160. Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия кандидат жинаған балдар негізінде қабылдайды.
Тармақ 161
161. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.
Тармақ 162
162. Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда, конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша тағайындауға кандидат анықталады.
Тармақ 163
163. Конкурстық комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін конкурс жеңімпазына шешім қабылдау үшін 24 (жиырма төрт) сағат беріледі.
Тармақ 164
164. Конкурс нәтижелері туралы хабарламаны конкурстық комиссияның хатшысы кандидатқа электрондық поштаға жібереді және өтініште көрсетілген телефон арқылы хабарлайды.
Тармақ 165
165. Егер конкурс жеңімпазы шешім қабылдамаса, тағайындау бағалау бойынша ең жоғары балға ие конкурстың келесі қатысушысына ұсынылады.
Тармақ 166
166. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, комиссия мүшелерінің бірі өз пікірін білдіреді, ол комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
Тармақ 167
167. Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 168
168. Егер конкурс нәтижесінде комиссия бос лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаса, конкурс өтпеді деп танылады.
Тармақ 169
169. Конкурс нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының интернет-ресурсында немесе әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күні жарияланады.
Тармақ 170
170. Кандидаттар конкурстық құжаттармен және конкурстық комиссияның шешімімен танысады.
Тармақ 171
171. Конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қатысушы осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғары тұрған мемлекеттік ұйымда (білім бөлімдері) құрылған апелляциялық комиссияға шағым жасайды.
Тармақ 172
172. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын білім бөлімдері айқындайды және бекітеді. Апелляциялық комиссияның құрамы бес адамнан тұрады.
Тармақ 173
173. Апелляциялық комиссияның төрағасы басшылықты жүзеге асырады, хатшы апелляциялық комиссияның отырысын ұйымдастырады, хаттаманы ресімдейді, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 174
174. Апелляциялық комиссияның шешімі апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған апелляциялық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 175
175. Апелляциялық комиссияның шешіміне Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте айқындалатын тәртіппен шағым жасалады.
Тармақ 176
176. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасайды және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 177
177. Конкурстан өтпеген кандидаттардың құжаттары конкурс жариялаған мемлекеттік органда 1 (бір) жыл бойы сақталады.
Тармақ 178
178. Білім беру ұйымы қоса атқаратын педагогтерді «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес педагогтер үшін айқындалған нормативтік оқу жүктемесінің 50%-дан аспайтын есебімен және еңбек заңнамасы шеңберінде жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығының 50%-дан аспайтын режимінде жұмыс істейтін қоса атқаратын педагогтерді еңбек заңнамасы шеңберінде конкурссыз, негізгі жұмыс берушінің келісімі бойынша, еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылдайды.
Тармақ 179
179. Шағын жинақты мектепті қоспағанда, пән мұғалімінің бос сағаты педагогтер арасында бөлінбейді.
Тармақ 180
180. Оқу жылының басында бос лауазымға кандидат анықталмаған жағдайда, оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері арасында бөлінеді және (немесе) педагог және (немесе) қоса атқарушы педагог уақытша қабылданады.
Тармақ 181
181. Егер бос сағаттар саны 8 сағаттан аспаса, оқу жүктемесі бір жарым ставканы құрайтын кемінде 2-3 (екі-үш) педагог (мемлекеттік білім беру ұйымының басшысын, басшысының орынбасарын қоспағанда) арасында сағаттарды бөлуге жол беріледі.
Тармақ 182
182. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы, басшысының орынбасары лауазымында бір ставкада жұмыс істейтін педагогтерге нормативтік оқу жүктемесінен 50%-дан аспайтын қосымша оқу жүктемесінің болуына жол беріледі.
Тармақ 183
183. Педагог лауазымынан босату Кодекстің 49-бабының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Басқа 1
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 1-қосымша Нысан __________________________ конкурс жариялаған мемлекеттік орган «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және (немесе) облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету үшін нәтиже беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні; 3) көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жерден басқа жердегі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 4) портал арқылы жүгінген кезде – бір жұмыс күні. 1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап келеді 6. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері тегін 7. Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00 мен 18.30 аралығы, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектісі – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында; 2) www.egov.kz порталында 8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото; 4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат; 10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес) 11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары; 12) түйіндеме; 13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік. egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото; 3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса); 7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ) сертификат; 8) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары; 9) түйіндеме; Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады. Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады. 9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар Ағза функциялары тұрақты бұзылған, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77777 нөмірлері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz; 2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.
Басқа 2. Байқаушының жадынамасы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 2-қосымша Нысан Байқаушының жадынамасы Құрметті байқаушы, Сіз конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін шақырылдыңыз. Осыған байланысты байқаушы ретінде барынша толық жұмыс істеу үшін осы жадынамамен танысуыңызды сұраймыз. Жадынама қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Сіздің байқаушы ретінде: 1) конкурсқа қатысушылардың құжаттарымен танысуға; 2) конкурсқа қатысушылармен әңгімелесуге қатысуға; 3) әңгімелесу барысын бағалауға; 4) конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына конкурстық комиссияның жұмысы туралы пікіріңізді жазбаша түрде ұсынуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл ретте байқаушы: 1) кандидаттарға сұрақ қоя алмайды; 2) конкурсқа қатысушылардың дербес деректерін жария етпейді; 3) әңгімелесу өткізу процесіне араласпайды, конкурстық комиссияның отырысына кедергі жасамайды; 4) конкурсқа қатысушыларға қандай да бір көмек көрсетпейді; 5) конкурстық комиссия мүшелеріне шешім қабылдау кезінде ықпал етпейді; 6) конкурстың нақты қатысушылары, олардың жеке қасиеттері туралы көпшілік алдында пікір білдірмейді; 7) техникалық жазу құралдарын пайдаланбайды. Әңгімелесу кезінде конкурстық комиссияның Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын сақтауына назар аударыңыз. Таныстым: _______________________________________________ (қолы) ТАӘ (бар болса) «____»_______________ 20__ ж.
Басқа 3. Өтініш
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымша Нысан ______________________________ конкурс жариялаған мемлекеттік орган ______________________________ / Кандидаттың Т. А. Ә, (бар болса) ______________________________ (лауазымы, жұмыс орны) ______________________________ Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны Өтініш Мені _______________________________________________________________ (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл) ____________________________________________________________________ бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын. Қазіргі кезде _________________________________________________________ (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік Оқу орнының атауы Оқу кезеңі Диплом бойынша мамандығы Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні): _____________________________________________________________________ Жұмыс өтілі: Жалпы Педагогикалық Мемлекеттік қызмет өтілі Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ___________ Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) __________________________________________________ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін. Мен келісемін ____________________________________________________ (ТАӘ (бар болса)) (қолы) «____»______________20___жыл __________ /қолы/
Басқа 4. Құжаттарды қабылдау туралы қолхат
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 4-қосымша Нысан Құжаттарды қабылдау туралы қолхат _________________________________________________________ / көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә, (бар болса) көрсету _________________________________________________________ / көрсетілетін қызметті берушінің атауын көрсету/ Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін қабылданған құжаттардың тізбесі керегінің астын сызу 1. ______________________________________ 2. ______________________________________ 3. ______________________________________ Қабылдады: ________________________________________ «__» _______20__жыл _______________________________________ (Орындаушының Т. А. Ә. (бар болса) (қолы, байланыс телефоны)
Басқа 5. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 5-қосымша ___________________________ көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. (бар болса) / Нысан Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын басшылыққа ала отырып, ___________________________________________________________________ /көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атауын, мекенжайын көрсету/ мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады ___________________________________________________________________ /көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә, (бар болса) көрсету/ ______________________________________ / білім беру ұйымының атауын көрсету/ _______________________________________________________ байланысты, / жоқ немесе сәйкес келмейтін құжаттардың атауын көрсету/: атап айтқанда: 1) ______________________________________; 2) ______________________________________; 3) ______________________________________. Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. «____»___________20___жыл ____________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т. А. Ә. (бар болса) ____________________________________________________ (қолы, байланыс телефоны) Алды: ______________________________________________ /Көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә, (бар болса) / «____»___________20___жыл __________ /қолы
Басқа 6. Сертификаттаудан өтуге өтініш
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 6-қосымша Нысан Кандидаттың Т. А. Ә, (бар болса) ____________________________, ЖСН ________________________ (қызметі, жұмыс орны) _____________________________ _____________________________ Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны Сертификаттаудан өтуге өтініш Мені Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге сертификаттауға жіберуіңізді сұраймын. Қазіргі уақытта _____________________________________________ жұмыс істеймін. (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ауыл) Сертификаттаудан өту тілі: қазақ/орыс тілдерінде, қажеттінің астын сызу «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін. Мен сертификаттау өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдалануға тырысуымның жауапкершілігі туралы, тиісті акті жасала отырып, шығарылатыным туралы хабардармын. Тыйым салынған зат табылған жағдайда, бір жыл мерзімге сертификаттаудан өту құқығынан айырылатыным туралы хабардармын. Сертификаттау кезінде ережелерді бұзу фактілері анықталған, сондай-ақ сертификаттаудан өту мерзіміне қарамастан, тексеру кезінде бейнежазба табылған жағдайда, акт жасалып, нәтижелердің күші жойылатынынан хабардармын. Тыйым салынған заттар: ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Ipad), iPod (iPod), iPhone (iPhone), SmartPhone (Смартфон), смарт сағат); ноутбуктер, ойнатқыштар, модемдер (мобильді маршрутизаторлар); 2) радиоэлектрондық байланыстың кез келген түрі (Wi-Fi (Wi-Fi), Bluetooth (Bluetooth), Dect (DECT), 3G (3 G), 4G( 4 G), 5G (5 G); 3) сымды және сымсыз құлаққаптар және т.б.; 4) шпаргалкалар және оқу-әдістемелік әдебиеттер; 5) калькуляторлар және түзету сұйықтықтары. Мен келісемін ________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы) Сертификаттау және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым «____» ______________20___жыл ____________________ /қолы/
Басқа 7. Сертификаттаудан өткені туралы сертификат
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 7-қосымша ___________________________ / көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә, (бар болса) / Нысан Сертификаттаудан өткені туралы сертификат __________________________________ Т.А.Ә. (бар болса) _____________________ қаласында мемлекеттік ұйымның басшысы лауазымына сертификаттау рәсіміне қатысқаны туралы куәландырады. Сертификаттауды өткізу күні «____»___________ және келесі нәтижені көрсетті: Мазмұны Тапсырмаларының саны Шекті балл саны 50% Алынған балл саны 1. «Заңнаманы білу» 1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; 2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы; 4) «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген); 6) «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдары, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) 10 10 10 10 4 4 5 5 5 5 2 2 Барлығы 48 24 Ұйымның басшысы (өкілі): _____________________________ (Т. А. Ә. (бар болса), қолы) Мөр орны
Басқа 8. Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен әңгімелесуге арналған тақырыптық бағыттар
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 8-қосымша Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен әңгімелесуге арналған тақырыптық бағыттар
Тармақ 1
1. Білім беру саласындағы уәкілетті органның негізгі нормативтік құқықтық құжаттары, Қазақстан Республикасының білім беру саласын реттейтін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық құжаттары.
Тармақ 2
2. Білім берудегі менеджменттің заманауи тәсілдері.
Тармақ 3
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары.
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар.
Тармақ 5
5. Табысты білім беру ұйымының, табысты басшының, табысты білім алушының/тәрбиеленушінің, табысты педагогтің критерийлері.
Тармақ 6
6. Қазақстанның білім беруіндегі халықаралық зерттеулердің рөлі.
Тармақ 7
7. Білім беру ұйымдарында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жүйесі.
Тармақ 8
8. Деңгейлер бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ерекшеліктері.
Тармақ 9
9. Әкімшіліктің Қамқоршылық кеңеспен өзара іс-қимыл жүргізу жүйесі.
Тармақ 10
10. Кадрларды даярлаудағы әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықтың рөлі.
Тармақ 11
11. Білім беру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету міндеттері.
Тармақ 12
12. Білім беру ұйымының қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі мен нәтижелері.
Тармақ 13
13. Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың жаңа тәсілдері.
Басқа 9. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына кандидатты бағалау парағы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 9-қосымша Нысан Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына кандидатты бағалау парағы № Өлшемшарттар Балл саны (1-ден 10-ға дейін) 1. Қазақстан Республикасының заңнамасын білу (сертификаттау нәтижелері негізінде) 24-тен 33-ке дейін = 5 балл 33-тен 44-ке дейін = 8 балл 45-тен 48-ге дейін = 10 балл 2. Кандидаттың жеке және кәсіби қасиеттері 1-ден 10 балға дейін 3. Білім беру ұйымының табысты дамуының практикалық көрінісі 1-ден 10 балға дейін 4. Ситуациялық міндеттерді ұтқыр, икемді шеше білу 1-ден 10 балға дейін 5. Белсенді, позитивтік педагогикалық ортаны құра білу 1-ден 10 балға дейін 6. Білім беру ұйымын басқаруда шығармашылық әлеуетті пайдалану 1-ден 10 балға дейін 7. Педагогикалық этика және сөйлеу мәдениеті 1-ден 10 балға дейін Барлығы: Ескерту: Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандитаттың критерийлерін комиссия мүшелері 10 балдық шкала бойынша бағалайды. Екінші-жетінші тармақтардағы сұрақтарды конкурстық комиссияның мүшелері бағалайды. Жиынтық балды шығару кезінде комиссия мүшелері берген балдың жалпы санының орташа арифметикалық балы ескеріледі. 25-34 – жеткіліксіз деңгей; 35-70 – жеткілікті деңгей. Жеткіліксіз деңгей көрсеткен кандидатты комиссия білім беру ұйымының басшысын тағайындауға ұсынбайды.
Басқа 10. ӨТІНІШ
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 10-қосымша Нысан ____________________________ (конкурс жариялаған мемлекеттік білім беру ұймының атауы) ____________________________ Апелляциялық комиссияның төрағасына ____________________________ Т.А.Ә. (бар болса) ӨТІНІШ Конкурс өтетін орын ________________________ қ. Электрондық поштаның мекенжайы (толық, мысалы, trainer@mail.ru), байланыс телефоны _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ __________________________________________________________ байланысты (себеп-салдарды қысқаша баяндау, дәлел келтіру) _________________________________________________________ тағайындауға арналған конкурс нәтижелерін қайта қарауды сұраймын. Күні ____________________ Қолы __________________
Басқа 11
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша Нысан «___» __________________ 20____ жыл Апелляциялық комиссияның төрағасы: __________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) Апелляциялық комиссияның мүшелері: 1. _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) 2. _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) 3. _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) 4. _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) Апелляциялық комиссияның хатшысы: _____________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) Күн тәртібі: 1. Апелляцияға берілген өтініште келтірілген фактілерді қарау _______________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) 2. Бірінші басшыны тағайындауға арналған конкурс материалдарын қарау. 3. Шешім қабылдау. Апелляциялық комиссияның жұмысы барысында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылды: 1. Іс-әрекеттің сипаттамасы 2. Іс-әрекеттің сипаттамасы Апелляциялық комиссияның шешімі: ________________________________ _________________________________________________________________ Апелляциялық комиссияның төрағасы __________ _____________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) Апелляциялық комиссияның мүшелері 1. ____________________________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) 2. ____________________________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) 3. ____________________________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) 4. _______________ _____________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) Хатшы: ________________________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
Басқа 12. Кандидаттардың құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуден өтуге және дербес деректерді өңдеуге ерікті келісімі
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 12-қосымша Нысан Кандидаттардың құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуден өтуге және дербес деректерді өңдеуге ерікті келісімі Мен, жеке басын куәландыратын құжаттың № ____________________, «___» ___________ 20___ ж. берілген __________________ (куәлік берген орган), ЖСН ___________, __________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын _____________________________________________________, (кандидаттың ТАӘ (бар болса)), электрондық поштаның мекенжайы «Дербес деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес өзімнің басқарушылық құзыреттерімді, жеке психологиялық бейінімді анықтауға бағытталған құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуден өтуге келісімімді беремін, сондай-ақ менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, атап айтқанда қазіргі уақытта да, келешекте де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ақпаратты пайдаланушымен байланысты үшінші тұлғаларға менің дербес деректерімнің қандай да бір құқықтық қатынастарымен алуға, сақтауға, пайдалануға және таратуға келісімімді беремін. Осы келісім ақпаратты пайдаланушымен Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген құқықтар мен міндеттерді ақпаратты пайдаланушының тиісінше орындауы үшін қажетті барлық қатынастарға қолданылады және кадр резервін қалыптастыру кезеңінде де, осы кезең тоқтатылғаннан кейін де қолданылады. Тестілеуді бастамас бұрын маған толық нұсқама берілді, осымен мен кандидаттарды Кадр резервіне іріктеу шарттарын қабылдайтынымды растаймын. Осы келісімнің мәтінін оқыдым, ол бойынша толықтырулар, ескертулер мен қарсылықтар жоқ. Қолы: ______________________ «___» __________20___ ж.
Басқа 13. Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 13-қосымша Нысан Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы «___» _____________20___ ж. Қатысқандар: Комиссия төрағасы: _________________________________________________ (Т.А.Ә (бар болса), лауазым) Комиссия мүшелері: 1. _________________________________________________________________ (Т.А.Ә (бар болса), лауазым) 2. _________________________________________________________________ (Т.А.Ә (бар болса), лауазым) 3. _________________________________________________________________ (Т.А.Ә (бар болса), лауазым) 4. _________________________________________________________________ (Т.А.Ә (бар болса), лауазым) Комиссия хатшысы: _________________________________________________ (Т.А.Ә (бар болса), лауазым) Үміткермен әңгімелесу барысында аудио-және бейнежазба жүргізілді. 1) Үміткердің Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________ 2) Біліктілік санаты __________________________________ 3) Жұмыс өтілі, оның ішінде педагогикалық ____________________________ 4) Жұмыс орны, лауазымы___________________________________________ 5) Байланыс телефоны ______________________________________________ Кандидатқа мынадай сұрақтар қойылды: 1) ________________________________________________________________ 2) ________________________________________________________________ 1. Әңгімелесу нәтижесі бойынша комиссия кандидаттарды ұсынуға шешім қабылдады: р/с № Т.А.Ә. (бар болса) Лауазымы 2. Әңгімелесу нәтижесі бойынша комиссия мынадай кандидаттарды ұсынбауға шешім қабылдады: р/с № Т.А.Ә. (бар болса) Лауазымы Комиссия төрағасы: _______________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса) Комиссия хатшысы: ________________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Басқа 14. Уәкілетті органның эмблемасы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 14-қосымша Нысан Уәкілетті органның эмблемасы Уәкілетті орган СЕРТИФИКАТ ______________________________________________________________ Т.А.Ә. Кадр резервіне қабылданғаны туралы растайды. Әңгімелесу қорытындысы бойынша балл саны _______. Лауазымы Т.А.Ә. қолы Астана, 20__ жыл Тіркеу нөмірі_______
Басқа 15. ӨТІНІШ
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 15-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Басшы лауазымдардың Кадр резервін қалыптастыру қағидалары шеңберінде кандидаттарды іріктеу нәтижелерін қайта қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының төрағасы ____________________________ Т.А.Ә. (бар болса) ӨТІНІШ Конкурс өтетін орын ________________________ қ. Электрондық поштаның мекенжайы (толық, мысалы, trainer@mail.ru), байланыс телефоны __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _______________________________________________________ байланысты (себеп-салдарды қысқаша баяндау, дәлел келтіру) конкурстық іріктеу нәтижелерін қайта қарауды сұраймын. Күні ____________________ Қолы __________________
Басқа 16. Кадр резервін қалыптастыру шеңберінде кандидаттарды іріктеу нәтижелерін қайта қарау жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 16-қосымша Нысан Кадр резервін қалыптастыру шеңберінде кандидаттарды іріктеу нәтижелерін қайта қарау жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы «___» __________________ 20____ жыл Апелляциялық комиссияның төрағасы: __________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) Апелляциялық комиссияның мүшелері: 1. _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) 2. _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) 3. _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) 4. _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) Апелляциялық комиссияның хатшысы: _____________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) Күн тәртібі: 1. Апелляцияға берілген өтініште келтірілген фактілерді қарау _______________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) 2. Педагогті конкурстық іріктеу материалдарын қарау. 3. Шешім қабылдау. Апелляциялық комиссияның жұмысы барысында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылды: 1. Іс-әрекеттің сипаттамасы 2. Іс-әрекеттің сипаттамасы Апелляциялық комиссияның шешімі: ______________________________ _______________________________________________________________ Апелляциялық комиссияның төрағасы __________ ____________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) Апелляциялық комиссияның мүшелері 1. __________________________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) 2. __________________________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) 3. __________________________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) 4. _______________ ___________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) Хатшы: ________________________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
Басқа 17. Педагог бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі бар кандидатты бағалау парағы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 17-қосымша Нысан Педагог бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі бар кандидатты бағалау парағы _________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) № Өлшемшарттар Растайтын құжат Балл сандары (1-ден 30-ға дейін) 1. Білім деңгейі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері Техникалық және кәсіптік = 1 балл Жоғары = 2 балл Жоғары үздік = 3 балл Магистр = 5 балл 2. Ғылыми/академиялық дәрежесі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері PHD-доктор = 10 балл Ғылым докторы = 10 балл Ғылым кандидаты = 10 балл 3. Біліктілік санаты Куәлік, басқа құжат Педагог= 2 балл Педагог-модератор = 3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог-зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл Басшының үшінші біліктілік санатындағы орынбасары = 5 балл Басшының екінші біліктілік санатындағы орынбасары = 6 балл Басшының бірінші біліктілік санатындағы орынбасары = 7 балл 4. Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін алмастыратын басқа да құжат Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі 2 жылға дейін = 2 балл Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі екі жылдан көп = 3 балл Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі 2 жылға дейін = 3 балл Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі екі жылдан көп = 4 балл Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі 2 жылға дейін = 4 балл Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі 2 жылдан көп = 5 балл 5. Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хат Ұсыным хат (педагог лауазымы бойынша соңғы жұмыс орнынан) Оң ұсыным хаттың болуы = 3 балл 6. Соңғы 5 жылдағы кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері - олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, білім алушылардың ғылыми жобалары; - олимпиадалар мен байқаулар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары; - мемлекеттік награда; 1) қалалық/аудандық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары = 0,5 балл облыстық = 1 балл, республикалық = 2 балл, халықаралық = 3 балл; 2) ғылыми жобалар: қалалық/аудандық = 0,5 балл, облыстық = 1 балл, республикалық = 2 балл, халықаралық = 3 балл; 3) «Үздік педагог» конкурсына қатысушы = 1 балл; 4) «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы = 5 балл; 5) «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалінің иегері = 10 балл. 7. Әдістемелік қызметі -авторлық жұмыстары мен жарияланымдары ҚР ОАМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл; РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл; БССҚК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл. 8. Қоғамдық-педагогикалық қызметі Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат тәлімгер = 0,5 балл; ӘБ басшылығы = 2 балл; екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл; шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл; үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл. 9. Курсқа дайындық - пәндік даярлық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық сертификаты, ҚАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF сертификаттары; Goethe Zertifikat, «Python тілінде бағдарламалау негіздері» бағдарламалары бойынша оқыту, «Microsoft» Курсера жұмыстарына оқыту Халықаралық курстар: TEFL Cambridge «CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)» CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary) DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary) «TKT Teaching Knowledge Test» Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction) Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL) «TESOL» Certificate in teaching English for young learners International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC) IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching Online Teaching for Educators: Development and Delivery Educational Management Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers Курсы на платформе Coursera, Futute learn Teaching Mathematics with Technology Special Educational Needs «Developing expertise in teaching chemistry» біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары = 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке) Барлығы: * жеңімпаздар санына қарамастан, 6-тармақта соңғы бес жылдағы олимпиадалар мен конкурстардың әрбір деңгейі (қалалық/аудандық) бойынша 0,5 балл ескеріледі, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері = 1 балл, республикалық = 2 балл, халықаралық = 3 балл; ғылыми жобалар: қалалық/аудандық = 1 балл, облыстық - 1 балл, республикалық -2 балл, халықаралық – тиісінше 3 балл тиісінше республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері = 3 балл
Басқа 18. Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидатты бағалау парағы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 18-қосымша Нысан Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидатты бағалау парағы № Өлшемшарттар Растайтын құжат Балл сандары (1-ден 30-ға дейін) 1. Білім деңгейі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері Техникалық және кәсіптік = 1 балл Техникалық және кәсіптік үздік = 2 балл Жоғары = 3 балл Магистр (педагогикалық бағыт бойынша) = 4 балл 2. Ғылыми/академиялық дәрежесі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері PHD-доктор = 5 балл Ғылым докторы = 5 балл Ғылым кандидаты = 5 балл 3. Сертификаттаудан өту нәтижелері Сертификат 50 % - 2 балл 60-80 % - 4 балл 80-100% – 6 балл 4. Педагогикалық/ кәсіби практика нәтижелері Білімі туралы дипломға қосымша «3» – 2 балл «4» – 3 балл «5» – 4 балл 5. Оқу орнынан ұсыным хат Ұсыным хат Оң ұсыным хаттың болуы = 3 балл 6. Волонтерлік жұмысқа қатысу Қатысу құжаты 1 балл 7. Педагогикалық қызмет туралы жарияланымы бар интернет бетін, әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізу (авторлық ғылыми жобалар, сабақтар, семинарлар) Сілтемелер 1 жылға дейін -1 балл 1 жылдан 3 жылға дейін -2 балл 3 жылдан жоғары -3 балл 8. Жазғы лагерьлердің жұмысына қатысу Қатысу құжаты 2 балл 9. Оқу орындары бойынша конкурстарға қатысу (ғылыми жобалар, шығармашылык және т.б.) Қатысу құжаты Әрбір қатысқаны үшін 1 балл, бірақ 4 балдан аспайды 10. ҚАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat сертификаттары, «Python бағдарламаның негіздері», «Microsoftта жұмыс істеуге үйрету» бағдарламалары бойынша оқыту Курсера Халықаралық курстар: TEFL Cambridge «CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)» CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary) DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary) TKT«Teaching Knowledge Test Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)» Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL) «TESOL» Сертификат 1 балл (әрқайсына бөлек) Барлығы: