О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 июня 2013 года № 472 «Об утверждении Правил оказания нескольких государственных услуг в электронной форме на основании одного заявления» Күшін жойған
Басқа 0
«Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бір өтініш негізінде электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8560 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 қазанда № 299 (27573) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары бекітілсін».»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бір өтініш қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық
нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 6 сәуірі
№ 127/НҚ
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 472 бұйрығымен
бекітілген
«Бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық
нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және «бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
Тармақша 2
2) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 5
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
Тармақша 6
6) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. «Бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
2-тарау. «Бір өтініш» қағидаты бойынша электрондық нысанда бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. «Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының бір өтініші негізінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерде осындай қызметті көрсету үшін талап етілетін қажетті деректермәліметтер болған жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Егер «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін, «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі – ЗТНҚА) өзгеше көзделмесе, «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін әрбір мемлекеттік қызметті көрсету, «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Тармақ 5
5. «Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері ЗТНҚА-ға сәйкес анықталады.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған өтінішті және (немесе) талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алған күннен бастап көрсетілетін қызметті берушілер ЗТНҚА-ға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 6
6. «Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ақылы болуы (құны, төлеу әдісі (қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есептесу), құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтыру талап етілетін құжат (түбіртектер) нысаны ЗТНҚА-ға сәйкес анықталады.
Тармақ 7
7. «Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өтінішті және (немесе) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді беру ЗТНҚА-ға сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бастапқыда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті шарт болып табылатын көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі және бастапқы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші келесі қызметті алу үшін талап етілетін мәліметтермен толықтырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті берушінің мәліметтерімен толықтырылған көрсетілетін қызметті алушының өтініші портал арқылы автоматты режимде «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті одан әрі көрсету үшін басқа көрсетілетін қызметті берушілерге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге берген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші порталда сақталады және көрсетілетін қызметті берушілердің тексеру жүргізуі үшін қолжетімді.
Тармақ 9
9. «Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті берушілер ЗТНҚА-ға сәйкес айқындалған жағдайларда «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті алушыларға «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру ЗТНҚА-да белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Егер көрсетілетін қызметті алушы «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құрамына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы оларды ЗТНҚА-да айқындалған тәртіппен оларға шағымданады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру дәрежесін ескере отырып, өтініштерді қабылдау және (немесе) «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін беру электрондық және (немесе) қағаз нысанда жүзеге асырылады.