О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 «Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсезтудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 503-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар; 3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия; 4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстардағы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс; 5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері; 6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі; 7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган; 8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал; 9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы; 10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия; 11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»; 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі»; 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «13. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен: 1) жеке басын куәландыратын құжатпен; 2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен; 3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді. Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды. 14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.»; 4 және 5-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер 5-тарау. Қорытынды ереже»; 1-қосымша алып тасталсын; 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы « » № қаулысына қосымша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ 1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________________ _____________________________________________________________________________________ 2. Тұратын мекенжайы _________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ 3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________. 4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде: Р/с № Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ту­ған кү­ні Өті­ніш бе­ру­ші­ге туы­стық қа­ты­на­сы Жұ­мыспен қам­ты­луы (жұ­мыс, оқу ор­ны) Жұ­мыспен қам­тыл­мау се­бе­бі Қо­ғам­дық жұ­мыстар­ға қа­ты­суы, кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы (қай­та да­яр­лау, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру) неме­се жұ­мыспен қам­ту­дың бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на қа­ты­суы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Өмір­де­гі қиын жағ­дай 1 2 3 4 5 6 7 8 Еңбекке жарамды барлығы _________ адам. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам. Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге. Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________. 5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет): ______________________________________________________________________________________. Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________. Отбасының табысы: Р/с № Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар бол­са) Та­быс тү­рі Өт­кен тоқ­сан­да­ғы та­быс со­ма­сы (тең­ге) Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық (аулад­а­ғы учас­ке, ма­лы және құ­сы), са­я­жай және жер учас­ке­сі (жер үле­сі) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер тоқ­сан­ға ор­та есеп­пен ай­ы­на 1 2 3 4 5 6 6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________. қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________. 7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________. 8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ___________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________. 9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: ____________________________________________________________________________________ 10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: ____________________________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: ____________________________ ________________________________________________________ Комиссия мүшелері: ____________________________ ________________________________________________________ ____________________________ ________________________________________________________ ____________________________ ________________________________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты) Жасалған актімен таныстым: ___________________________________________________________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________________________________________________________________ Тексеру жүргізілуден бас тартқан ________________________________________________________ Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады) Күні _______