О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 105 «Об утверждении натуральных норм обеспечения спортсменов, тренеров и специалистов в области физической культуры и спорта, военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов в период подготовки и участия в спортивных мероприятиях, проводимых на территории Республики Казахстан и за ее пределами Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оған қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оған қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11790 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін оқу-жаттығу процестерінде спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етудің заттай нормалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін спорттық мүкәммалдармен, жабдықпен қамтамасыз етудің заттай нормалары;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін оқу-жаттығу процестерінде спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етудің заттай нормаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін оқу-жаттығу процестерінде спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етудің заттай нормалары»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін спорттық мүкәммалдармен, жабдықпен қамтамасыз етудің заттай нормаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін спорттық мүкәммалдармен, жабдықпен қамтамасыз етудің заттай нормалары».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы _____________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ___________ С. Жасұзақов 2017 жылғы _____________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ___________ К. Мәсімов 2017 жылғы _____________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ___________ Қ. Қасымов 2017 жылғы _____________