О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1222 «Об утверждении Правил предоставления жилищ гражданам, оставшимся без жилища в результате чрезвычайной ситуации» и от 19 декабря 2014 года № 1358 «Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 және «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларында: 2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жекелеген жағдайларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тұрғынжайға уақытша (маусымдық) тұруға арналған қираған немесе әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында төтенше жағдай жарияланған кезде меншік құқығында басқа тұрғынжайы жоқ меншік иелері және олардың отбасылары үшін тұруға жарамсыз болып қалған құрылыс жатады.»; мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын: «3-2. Меншік иесінде, оның жұбайында (зайыбында) және кәмелетке толмаған балаларында уақытша (маусымдық) тұруға арналған, осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген бірнеше құрылысжай болған жағдайда құрылысжайлардың біреуі ғана өтелуге тиіс.»; 9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9-1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайға ішінара зақым келген жағдайда жергілікті атқарушы орган техникалық тексеру және сметалық құжаттама негізінде оны қалпына келтіру тетіктерінің бірін мыналар арқылы айқындайды: 1) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды тарту; 2) жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтарға шығыстарды төлеу.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.