О внесении изменения в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 21 мая 2014 года № 187 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц и многоквартирных жилых домов города Тайынша Тайыншинского района Северо-Казахстанской области для участия в сходе местного сообщества» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 21 мамырдағы № 187 шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 21 мамырдағы № 187 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2832 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдеде «Тайынша таңы» аудандық газетінде, 2014 жылғы 25 шілдеде «Тайыншинские вести» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының көшелері мен көппәтерлі тұрғын үйлерінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.