О внесении изменений в постановление акимата от 21 сентября 2015 года № 337 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Аркалыка Костанайской области" Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 «Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1174 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 «Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 қарашада «Арқалық хабары» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы», орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Т. Абишевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Әкімдіктің
2016 жылғы 16 тамыздағы
№ 299 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 337 қаулысына
қосымша
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№
р/с
Өлшемшарттардың атауы
Иеліктен
айыру түрлері
1
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі;
мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату.
Сауданы аукцион нысанында өткізу
2
Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі;
ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату.
Сауданы тендер нысанында өткізу
3
Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.
Тікелей атаулы сату