О внесении изменений в постановление акимата от 21 сентября 2015 года № 337 «Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Аркалыка Костанайской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 «Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің «Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы» 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 қаулысына (2015 жылғы 6 қарашада «Арқалық хабары» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді: «Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы»; көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.».
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.