Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения»

Бұйрық · № 388/НҚ · қабылданған 18.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2015-no-34-ekb-173123/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения» Қолданыста Бұйрық ·№ 388/НҚ ·18.10.2022
18.10.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 388/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 34 «Об утверждении Правил присвоения полос частот, радиочастот (радиочастотных каналов), эксплуатации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств, а также проведения расчета электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств гражданского назначения»
Атауы (қаз.)
«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
388/НҚ
Қабылданған күні
18.10.2022
Көрсетілген редакция
18.10.2022 173123_598497.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030273
ЭКБ идентификаторы
173123
Редакция идентификаторы
173123_598497
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:23

0

«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) мынадай өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:
Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-12) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы  1-тармағының 19-12) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі – РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі – ЖЖҚ) пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы РЭҚ-тің электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі – ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды»;
10-қосымшасының 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. РЭҚ және ЖЖҚ иелері «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-7-бабында көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті»;
11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 18 қазандағы
№ 388/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Жиіліктер белдеулерін радиожиіліктерді
(радиожиілік арналарын) иелікке
беру, радиоэлектрондық құралдар
мен жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалану, сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондақ
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді
жүргізу қағидаларына
11-қосымша
Байланыс түрлері бойынша кодтар
код №
Бай­ла­ныс тү­рі
10
Эфир­лік-ана­лог­тық те­ле­ви­зия
11
Эфир­лік-кә­біл­дік те­ле­ви­зия  (MMDS)
20
Ра­дио­ха­бар­та­ра­ту
30
Ұя­лы бай­ла­ныс/мо­биль­ді бай­ла­ныс (GSM/DCS. CDMA, 3G/UMTS, 4G/LTE. 5G/IMT)
31
Тран­кинг­тік
32
Ра­дио­те­ле­фон­дық
33
УҚТ-диа­па­зо­нын­да­ғы ра­дио­бай­ла­ныс (ста­ци­о­нар­лық ра­дио­стан­ци­я­лар)
34
ҚТ-диа­па­зо­нын­да­ғы ра­дио­бай­ла­ныс
35
УҚТ-диа­па­зо­нын­да­ғы ра­дио­бай­ла­ныс (жы­л­жы­ма­лы ра­дио­стан­ци­я­лар)
41
Ра­дио­ре­ле­лік бай­ла­ныс (ма­ги­страл­дық же­лі­лер)
42
Ра­дио­ре­ле­лік бай­ла­ныс (ай­мақ­тық же­лі­лер)
43
Ра­дио­ре­ле­лік бай­ла­ныс (жер­гі­лік­ті же­лі­лер)
44
Ра­дио­ре­ле­лік бай­ла­ныс (те­ле­ви­зи­я­лық сиг­нал­дар­ды та­ра­ту же­лі­ле­рі)
50
Спут­ник­тік бай­ла­ныс (бай­ла­ныс және ра­дио­ха­бар та­ра­ту үшін пай­да­ла­ны­ла­тын жер стан­ци­я­ла­ры)
51
Спут­ник­тік бай­ла­ныс (ға­рыш ап­па­рат­та­рын бас­қа­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын жер стан­ци­я­ла­ры)
60
КЖС-тех­но­ло­ги­я­сы пай­да­ла­ны­л­ған кез­де сым­сыз ра­дио­ға қол­жетiм­дiлiк жүй­е­лерi (WLL)
61
Сым­сыз ра­дио­ға қол­жетiм­дiлiк жүй­е­лерi (УҚТ-диа­па­зо­нын­да­ғы)
65
Эфир­лік цифр­лық те­ле­ви­зия
66
Төр­тін­ші буын­ның ұт­қыр бай­ла­ны­сы (LTE өн­ді­рі­стің іш­кі мақ­сат­та­ры үшін)
67
ҰТ-диа­па­зо­нын­да­ғы ра­дио­бай­ла­ныс
68
ОТ-диа­па­зо­нын­да­ғы ра­дио­бай­ла­ныс
69
Те­ңіз ра­дио­бай­ла­ны­сы (жа­ға­лау, ра­дио­ло­ка­ция стан­ци­я­ла­ры, ра­дио­ма­як­тар және т.б.)
Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөлінісінің объектілерін белгілеу жүйесіндегі кодтар
код №
Аумақ
900
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
901
Аста­на қа­ла­сы
902
Ақ­мо­ла об­лы­сы
904
Ақ­тө­бе об­лы­сы
907
Ал­ма­ты об­лы­сы
910
Ал­ма­ты қа­ла­сы
915
Аты­рау об­лы­сы
917
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
919
Жам­был об­лы­сы
926
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
930
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
933
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
937
Қо­ста­най об­лы­сы
943
Маң­ғы­стау об­лы­сы
945
Пав­ло­дар об­лы­сы
948
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
958
Түр­кі­стан об­лы­сы
959
Шым­кент қа­ла­сы
960
Абай об­лы­сы
961
Же­ті­су об­лы­сы
962
Ұлы­тау об­лы­сы
CDMA – Code Division Multiple Access (Кодтық бөлінуі бар көптік қолжетімділік);
GSM – Global System for Mobile Communications (Мобильді байланыстың жаһандық жүйесі);
LTE – Long Term Evolution (Ұзақ мерзімді даму);
MMDS – Multichannel Multipoint Distribution System (көп арналы көп нүктелі тарату жүйесі);
UMTS – Universal Mobile Telecommunications System (Әмбебап мобильді телекоммуникацилық жүйесі);
WLL – Wireless Local Loop (Сымсыз қолжетімділік жүйесі);
ҰТ – ұзын толқындар;
ҚТ – қысқа толқындар;
ОТ – орта толқындар;
УҚТ- ультра-қысқа толқындар;
КЖС – кеңжолақты сигнал.

Қолданыстағы