О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 августа 2015 года № 538 «Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам и правил их аттестации» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 12104 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
2015 жылғы 30 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнайы әлеуметтік қызметті ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкер «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы
28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7075 болып тіркелген) сәйкес өтініш негізінде аттестаттаудан өтеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
_______________
2018 жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
_______________
2018 жылғы «__» _________
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 427 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 538 бұйрығына 1-қосымша
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілік талаптары: «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша жоғары білім немесе «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, техникалық және кәсіптік білім (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификат (куәлік).
Тармақ 3
3. Біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) жоғары санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, немесе (және) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша мамандығы/магистратура, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 2
2) бірінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 3
3) екінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 4
4) санаты жоқтарға - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Тармақ 4
4. Біліктілігі орта деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) жоғары санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 2
2) бірінші санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 3
3) екінші санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 4
4) санаты жоқтарға - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.