О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 августа 2015 года № 538 «Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам и правил их аттестации, независимо от формы собственности субъекта, предоставляющего специальные социальные услуги» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12104 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары: 2-1-тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын: «2-1. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 333 бұйрығымен бекіліген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29355 болып тіркелді) әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормасын сақтайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыру және Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушілерге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына, ұялы желі операторына ресми жарияланғаннан кейін орналастыру;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.