О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 декабря 2015 года № 780 «Об утверждении правил определения стоимости работ по проведению комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства объектов, а также комплексной градостроительной экспертизы проектов градостроительного планирования территорий различного уровня» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 840 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар:
Тармақша 1
1) объектілер құрылысы жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу;
Тармақша 2
2) сараптама комиссиялары немесе сараптама топтары жүзеге асыратын аумақтарды дамытудың және құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша қала құрылысы кешенді сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Аккредиттелген сараптама ұйымдары салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны тапсырыс беруші мен сараптамалық ұйымның арасында жасалған шартқа сәйкес белгіленеді. Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптама жұмыстарының құны осы Қағидаларына сәйкес белгіленетін құннан төмен болмауға тиіс.
Тармақ 4
4. Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі мен ұзақтығы (мерзімдері) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген) Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады және құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметінің барлық субъектілері үшін бірыңғай болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау тәртібі
2-тарау. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 5
5. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің құны мынадай формула бойынша белгіленеді: мұндағы: Қс – жоба сараптамасының құны; Қж – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-нқ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14642 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) сәйкес Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған бағалар жинағының (бұдан әрі – Бағалар жинағы) негізінде айқындалатын, сараптамаға ұсынылған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің нормативтік құны; АЕКс– айлық есептік көрсеткіштің сараптама жүргізуге арналған шарт жасалған күнге сәйкес келетін мәні; АЕКж – айлық есептік көрсеткіштің жобалау жұмыстарының құны айқындалған күнге сәйкес келетін мәні; KCB - сараптама жұмыстары құнының жобаны әзірлеу құнына қатысын көрсететін сараптамалық верификация коэффициенті, ол жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеудің нормативтік құнына байланысты осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес мәндер бойынша айқындалады.
Тармақ 6
6. Егер шарт және тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама бөлімдерінің және жұмыстарының бір бөлігі ғана сараптамаға жататын болса, жобаның немесе жұмыс жобасының құнынан, осы Қағидалардың 5-тармағының формуласына қою кезінде сол сараптамаға жатпайтын жоба бөлімдерінің немесе жұмыстарының құны алып тасталады.
Тармақ 7
7. Әзірленудің нормативтік құны Бағалар жинағында жоқ жұмыстардың жекелеген түрлері бойынша сараптама құны еңбек шығындары бойынша жеке есеппен, Мемлекеттік нормативтің 6-қосымшасына сәйкес № 3П нысаны бойынша калькуляциямен айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Кешенді қала құрылысы сараптамасы жөніндегі жұмыстар құнын айқындау тәртібі
3-тарау. Кешенді қала құрылысы сараптамасы жөніндегі жұмыстар құнын айқындау тәртібі
Тармақ 8
8. Әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстар құны шарт негізінде айқындалады. Әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу бойынша жұмыстар құны осы Қағидалардың 5 және 7-тармақтарына сәйкес анықталатын есептік кезеңнің бағасында жобалау-іздестіру жұмыстар (ЖІЖ) құны бірдей, ҚҚС-ті ескермегенде, объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құнынан төмен болмауы тиіс.
Тармақ 9
9. Әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстар құнына барлық қосымша шығыстар, оның ішінде кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту бойынша шығыстар кіреді.
Басқа 0.1. kСВ сараптамалық верификация коэффициентінің мәні
Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына қосымша kСВ сараптамалық верификация коэффициентінің мәні ҚҚС-сыз мың АЕК-те ЖСҚ әзірлеу құны kСВ коэффициенті ҚҚС-сыз мың АЕК-те ЖСҚ әзірлеу құны kСВ коэффициенті 1 2 1 2 0,93 дейін 0,1728 185,81 0,0152 1,86 0,1727 278,71 0,0128 2,79 0,1354 418,06 0,0108 4,65 0,0996 557,42 0,0096 7,43 0,0751 706,06 0,0087 8,36 0,0700 836,13 0,0082 12,08 0,0561 1021,94 0,0077 15,79 0,0478 1207,74 0,0073 19,51 0,0421 1393,55 0,0070 23,23 0,0379 1579,35 0,0068 26,94 0,0346 1765,16 0,0066 38,09 0,0281 1950,97 0,0064 46,45 0,0250 2136,77 0,0063 69,68 0,0230 2322,58 0,0061 92,90 0,0211 2573,55 бастап 0,0058 139,35 0,0174 Ескертпе:
Тармақ 1
1. Берілген кестені пайдалану кезінде (1-бағанамен салыстыру) ЖСҚ әзірлеу құны және ол арқылы көрініс беретін АЕК мәні жобалау жұмыстарының құны айқындалған күнге сәйкес келетін ағымдағы бағаларда қабылданады.
Тармақ 2
2. Аралық мәндер интерполяциямен айқындалады.