О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2015 года № 934 «Об определении лицензиаров в сфере образования» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері: бастауыш білім беру; негізгі орта білім беру; жалпы орта білім беру; білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру; білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру; кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну; мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;»; көрсетілген қаулымен бекітілген өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдарда: реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағаны мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: « 7. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.