О внесении изменений в решение районного маслихата от 21 декабря 2015 года №344-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Макатском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 344-V «Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 cәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №344-V «Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №3435 санымен тіркелген, «Мақат тынысы» газетінде 2016 жылы 28 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Қағиданың:
4 тармағындағы «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Мақат аудандық бөлімі» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мақат аудандық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 тармағының 3) тармақшасының 2 абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.