О внесении изменении в постановление Кызылкогинского районного акимата от 21 декабря 2016 года № 251 «Об установлении квоты для трудоустройства граждан Кызылкогинского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации» Күшін жойған
Басқа 0
Қызылқоға аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 251 «Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №251 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3765 тіркелген, 2017 жылғы 26 қаңтарда аудандық «Қызылқоға» газетінде №4 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы»;
Тармақша 2
2) қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Қызылқоға ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Олжағалиевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.