О внесении дополнений в постановление акимата Кордайского района от 21 сентября 2016 года № 324 «Об определении сроков представления заявок на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №324 қаулысына толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 324 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3172 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 19 қазанында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. «Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б Саниязовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 414 қаулысына қосымша Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері № Басым ауыл шаруашылығы дақылдары Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы 16. Күздік бидай 15.12.2016 жыл 23.12.2016 жыл 17. Жаздық арпа 15.12.2016 жыл 23.12.2016 жыл 18. Ашық топырақтағы көкөніс 15.12.2016 жыл 23.12.2016 жыл