О внесении изменения в решение Шуского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5-3 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Шуском районе» Күшін жойған
Басқа 0
«Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына, «Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 165 қаулысына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3206 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылы 17 қарашада жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 2 тармағы 3) тармақшасындағы «тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенің растайтын құжат ( мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Шу аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.