О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/51 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3175 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2016 жылғы 16 қарашадағы №52-53 «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: 1 қосымшада: реттік нөмірлері екінші және үшінші жолдар жаңа редакцияда жазылсын: « 2 мүгедек студенттер Өтініш беру алдындағы он екі айда Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4 (төрт) еселік төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасының және келісім-шарты болған кезде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын мүгедек студенттерге білім беру қызметін төлеу 1) оқу орындарымен көрсетілетін білім беру қызметі құнының мөлшерінде; 2) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жыл сайын ай сайын оқу жылы ның он екі айы ішінде оқу жылы ның он екі айы ішінде 3 1) тұл жетім студенттер,балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиеленушілері; 2) ата-анасы ның екеуі де немесе бірі мүгедек болған немесе ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер болған студенттер; ата-анасы ның біреуі қайтыс болған студенттер; төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелет жасқа толма ған балалары бар, оның ішінде кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқта ған уақытқа дейін жоғар ғы оқу орнында орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасының студенттері (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт саласында қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды даярлау мақсатында өтініш беру алдындағы он екі айда Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4 (төрт) еселік төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасының және келісім-шарты болған кезде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу 1) оқу орындарымен көрсетілетін білім беру қызметі құнының мөлшерінде; 2) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жыл сайын ай сайын оқу жылы ның он екі айы ішінде оқу жылы ның он екі айы ішінде ».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Е. Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Оразалиев Марат Амангелдиевич ___________________ 31 қазан 2017 жыл «Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Шабикова Рима Нерражимовна ____________________ 31 қазан 2017 жыл