О внесении изменения в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/51 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3175 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін: 2 қосымшада: реттік нөмірі 9 жол жаңа редакцияда жазылсын: « 9 29 тамыз- Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтар 7 айлық есептік көрсеткіш жылына бір рет ».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.