О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/52 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3176 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 6 тармақтың 3) тармақшасының он сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»; 7 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «6) санаторийлік-курорттық емдеуге мүгедектігі бар баланы алып жүретін заңды өкілдердің бірінің және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүретін адамның санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.