О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 595 «Об утверждении положений государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы ережесінде: 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 12. Орталық кеден зертханасына өкiлеттіктерi болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Орталық кеден зертханасына Қазақстан Республикасының заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жолданады.»; 14-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық (цифрлық) жүйелерді, байланыс және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын пайдалануды жүзеге асыру;»; 15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық (цифрлық) жүйелер арқылы басқа мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Орталық кеден зертханасы басшысының орынбасарлары болады.»; 19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің орынбасарларын, Орталық кеден зертханасының құрылымдық бөлiмшелерi басшыларын және қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы туралы ережеде: 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Оқу-әдістемелік орталығына өкiлеттіктерi болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Оқу-әдістемелік орталығына Қазақстан Республикасы заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жолданады.»; 15-тармақ 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен мынадай редакцияда толықтырылсын: «14-1) жаңадан тіркелген салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерді орындау тәртібіне, оның ішінде мемлекеттік кірістер органының (ақпараттандыру) цифрлық объектілерін пайдалана отырып оқытып-үйрету; 14-2) халықтың салық мәдениетін арттыру; 14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салық мәдениетін арттыру үшін оқу баспа қызметін жүзеге асыру;»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасарлары болады.»; 19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің орынбасарларын, Оқу-әдістемелік орталығының құрылымдық бөлiмшелерi басшыларын және қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (Д.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік мекемелердің басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Комитеттің Персоналды басқару және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ш.А. Тобатаев) осы бұйрықты Комитеттің мемлекеттік мекемелерінің назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.